Англияның ауа-райы туралы көп айтылып, көп естілді. Шотландияның ауа-райын болса бірі білер, бірі білмес. Оны мен айтайын ) Мына жақта ауа-райы мың құбылады! Мысалға, таңертең қар жауып, түскісін бірден күн ашылып кетеді де, күннің көзге шалатыны соншалық кейбіреулер көзілдірік киіп жүреді.. сосын бір сағаттың шеңберінде жаңбыр жауып, аспанды қара бұлт жауып тастайды.. Осының бәрі бір тәуілікте. Өзгермейтін тек нәрсе – аптасына 7 рет, тәуілігіне 24 сағат соғатын қатты жел!!! Желдің қуаты соншалық, жел соққанда үйіміздің алдындағы ағаштар жас қыздардай «билеп» кетеді )). Ағаштың бұтақтары терезеге соғылып, желдің ызғары қатты естіліп тұрады. Қала сыртында емес, орталығында тұрсақ та үйіміздің дәл алында үлкен қалалық мазар барын қайтесіз. Қорқынышты болды ма? Қорқынышты болса, түсіндіре алғаным. Ал, әй бұл түк емес қой десеңіздер – басынан қайта оқып, бәрін екі есе үлкейтіп елестетіңіз )) Дейміз да, ертедегі шотландықтар тастан жасалынған қамалдарда қалай ғана өмір сүрген екен. Ол кезде терезе де жоқ, central heating те жоқ. Оны қойшы, олардың ұлттық киімдерін айтсаңшы! Ауа-райларына түк бейімделмеген. Ерлері барлық уақытта жалаң бұтқа қысқа етек киетін (ол кезде термо киім деген де жоқ қой) – қалай жаурамаған сонда?!
Қысқасы, мына жақтың ауа-райымен кейде ыстық бір көже ішкің келіп кетеді. Шіркін осындайда ет асып, сорпаға қатық қосып ішкенге не жетсін. Бірақ ет қымбат, сол үшін қандай да болса көжеге риза боласың ) Бүгін төмендегідей көже жасап іштік. Басында ойымдағы көже – күріш көже болатын, бірақ сосын «мынаны да қосайын, мынаны да» деп.. мультиплэйер көже болды ) Бірақ маңыздысы, көженің ыстық болғаны ғой + бұрышы көп болғаны! )
- 300 гр сиыр еті
- 2 стакандай жасыл бұршақ
- бір уыс брокколи
- көк пияз
- сарымсақ
- томат пастасы
- тұз. бұрыш
- 50-70 гр күріш
Етті мұздай суға салып қайнатыңыз. Көбігін алып тастауды ұмытпаңыз. Тұздаңыз. Сарымсақ пен көк пияздың ақ жағын турап, майға қуырыңыз. Дайын көк бұршақтан қосып бәрін бірге қуырыңыз. Томат пастасын қосып, талғамға қарай тұздап бұрыштаңыз. Піскен етті сорпасынан шығарып, тураңыз. Туралған етті және қуырылған бұршақты сорпаға қойып пісіріңіз. Дәмін көріңіз, керек болса тағы тұздаңыз. Брокколиді қатты майдалатпай тураңыз да, күрішпен бірге сорпаға қосыңыз (күріш сортына қарай кейін не брокколиден бұрын қосыңыз. Мына жақтың күріштері мега тез піседі екен). Сосын көк пияздың жасыл жағын турап сорпаға қосып, ыстықтай сервис жасаңыз ) Ас болсын! Ауырмаңыздар!