Біреу ұнатпайтын шығар, бірақ өзім қатты ұнатып жүрмін осындағылардың тағамдарын жартылай дайын етіп сататындарын. Уақытты кәдімгідей үнемдейді екен ) Мысалға, бүгін алғандарым ішінен (суреттегілер) салатқа керек шөптердің бәрі бір пакетте жуылған, жеуге дайын түрінде сатылатыны ұнайды, керек кезде үстіне соус жасап үстелге қоя бересің ) Білемін, Алматыда да сатылады пакеттелген, дайын шөптер, бірақ ол жердегіміз бізге жеткенге дейін қаншама жер асып келеді. Мына жақтағылар кем дегенде жақын жерден жиналған деймін да ) Барлық пакеттерде тағамның құрамы мен вегетериандықтарға жеуге болады ма жоқ па сонысы жазылатыны ерекше ұнайды.
Айтпақшы, осы жақтағы дүкендерде кассадағы қызметкердің әр сатыпалушыға күлімдеп How are you today? I hope you enjoy your day (Қалайсыз? Бәрі жақсы ма?) деп сұрайтындары таңқалдырады. Таң қалдырғаннан бұрын, мен осындайда шын сасқалақтап қаламын не айтарымды білмей )) Американдықтар сияқты тез сұрап ары қарай жұмысын істе кетпейді да ғой мындағылар, не жауап беретініңді бетіне қарап күтіп тұрады )) Автобусқа мінгенде де, одан түскенде де жүргізушіге рахмет айтатындарына үйрене бастадық, енді дүкендеріндегі «өркениеттеріне» үйрену керек.
Иәә, Эля, жартылай дайындары маған да ұнайды. турап қоятындары да бар еді ғой )). Босай бастаса, мен тамаққа қоса салам. әсіресе, сорпаларға күшті!!! //бас бармағы шошайған смайл))//.
хихихи, мен де тура солай боп еді, күліп амандасады танымайтын адам, ұялып қап, төмен қарайсың… Қазір үйрендім. Тегін автобуста да шопырлар сәлемдесіп, қайырлы күн тілейді ғой даЧы!!! )))
тегін автобустар?? Америкада тегін деген ұғым бар ма не? күшті ғой!
Иә, тегін автобустар. Біреу емес, үшеу! Қала ішінде жарты сағат сайын жүретін бар, кампус-жатақханалар арасында 15 мин сайын, тағы кешке жүретін біреуі бар. Жұма кешкісіннен дүйсенбі таңға дейін тегін такси жүреді. Тегін болғанға, мен онша емес деп ойлағам басында. Сөтсем, әп-әдемі машина екен! )))
Америка бойыншы тегін автобустар осы қалада ғана деп естідім. Эля қонаққа келеміз десе, автобустардың да, үйіміздің де есігі ашық ;)
magan unaytyndar anau washed spinach, salad’tar unaydy (senin surettegidey) :))), fresh salad jegendi jaksy korem, birak juyp turap turgandy jek korem, sol biz siyaktylarga (erinshek) i busy adamdarga arnalgan goi.
суреттегі шпинат жуылмаған еді ) бір нәрсені өзім жуайын деп соны алғанмын хехе. Ал былайынша, рас айтасың көп нәрселері «сатып ал да жей бер» принцибі бойынша сатылады екен. маған да ұнайды сонысы. қалай жуатындары туралы көп басымды қатырғым келмейді. Ойласам жей алмай қалатынымды білемін ))