4 жұмыртқаны бір түйір қант пен аздап соя соусымен араластырыңыз. Майдалап туралған көк пияз қосып үшке бөліп қуырыңыз.
Қуыру процессі: табаны қыздырасыз да, аздап майлайсыз. Жұмыртқа қоспасының 1/3 бөлігін құясыз да, тездетіп бәрін табаның бір шетіне жинайсыз. Табаның босаған жағын қайтадан майлап, жұмыртқа қоспасының екінші бқлігін құясыз. Бұл жолы жұмыртқаларды рулетке орау керек, ол үшін бірінші реттегі жинап қойған жұмыртқалардан бастап, ораймыз. Дайын рулетті қайтадан табаның шетіне апарып, жұмыртқа қоспасының қалғанын тура осылай пісіреміз. Турар алдында жұмыртқа рулетін суытып алған жақсы.
Рецепт үшін көп рахмет!
Міндетті тұрде дайындап көрем :)))
ас болсын!