Түрік ас үйіне тиесілі бұл тағам біздің күріш ботқасына ұқсайды, айырмашылығы – қант мөлшері көбірек әрі қоюлау болып келеді. Құрамына жұмыртқа қосып, духовкаға қойып әдемі «корочкаға» дейін пісіруге болады. Талғамыңызға қарай.
100 гр күрішті жарты стакан суда пісіріп алу керек та, 1 литр сүт пен 100-150 гр қант қосып қайнату керек. Бөлек кеседе 1 ас қасық ұн мен 1 ас қасық крахмалды 2-3 ас қасық сүт немесе сумен араластырып, сүт қоспасына қосып жіберіп жай отта пісіру керек. 10 минуттан кейін газдың астын өшіріп, ыдыстарға құйып суыту керек. Қалауыңызша үстіне какао, корица немесе шоколад үгіттеуге болады.