Ішіне: тауық + пияз + сарымсақ + томат пастасы + тұз бен бұрыш + аздап су + піскен күріш
Сыртыңа: жұмыртқа + тұз + аздап сүт + кетчуп
Алдыменен майдалап туралған пияз бен сарымсақты қуырып алыңыз да, туралған тауық және тұз/бұрыш қосыңыз. Тауық пісе бергенде томат пастасын қосып, аздап сумен буқтырып аласыз да, піскен күріш қосасыз. Бөлек ыдыста 2 жұмыртқа мен аздап сүт және тұз/бұрыш қосып араластырасыз. Енді табаға жұмыртқаның бір жағын қуырып алып, ортасына күріш қоспасын қойып, шеттерін орайсыз да, ыдысқа теріс аударып төңкересіз.