Уордпрессім-ау, айналып кетейін, қайта оралуыңмен!!! Сағынып қалдым! Қатты-қатты! (Өзінің түрі өзгеріп кетіпті біз жоқта..) Блог әлемім қайта available болғанына сондай қуанып тұрмын! Ура! Ура! Ура! Ал, халайық, енді жайлап Фэйсбугімдегі аспаздық жазбаларымды көшірейін осында! Кеттік.. Эльмира апайдың рецептімен дайындалған.. та-та-дам.. Тирамису!
Бисквит үшін: 2 жұмыртқаны 0,5 стакан қантпен және 0,5 стакан ұнмен + 1ш.қ.разрыхлитель + 2 ас қасық какао араластыру керек та, майлы ыдысқа құйып, пісіру керек. Піскен кезде, үстіне 1 стакан қою қайнатылған кофе құйып жіберу керек.
Енді үстіне құйылатын пудинг: 1,5 стакан қант + 1 стакан ұн + 2 ас қасық крахмал + 1 литр сүт + 1 жұмыртқа + 100 гр жұмсартылған сары май = осының бәрін алдыменен миксермен араластырып алу керек та, жәй отқа қойып пісіру керек. Пудинг қою болғанда – піскені. Піскен пудингке 200 гр «плавленный сливочный сыр» қосып жақсылап миксерлеу керек. Бисквиттің үстіне пудинг құйып, үстін тегістеп алып, тоңазытқышқа қою керек. Кем дегенде 1 түн тұрса жақсы. Дайын тирамисуды үстіне какао сеуіп ұсынасыз.
ғажап
рахмет!
Алақай!!! аспаздық толығатын болды :))))!!!
Сағынуға тұратын блог!!!
Бұл тирамису менің ең-ең-ең сүйікті тортым ))). Сосын жасап көрермін, ИНШАЛЛА. Ал Элвира қыздың қуанышын көру – тирамису жегеннен де артық қуаныш сыйлады!!! )))
рахмет саған, аспаздықтың ең ең ең оқырманы – Кәмшат!
канша плавленный сыр қосу керек? сүзбе косуға бола ма?
ой, кешір кейін байкадым. 200гр дегенді
Elvira hanim koliniz dert kormesin ote keremet….Facebook.nzdagi aspazdik bett kalai atalady biluge bolama :)
сәлем. Фэйсбукта аспаздықтың арнайы беті жоқ. Қазір жөнді тамақ пісіріп те жүрген жоқпын, өкінішке орай
Сәлеметсізбе! Тирамису торты суреттен дәмді көрінеді. Мен де орал қаласынан оны жеп көргем. Ммм! Сондай керемет! Енді жасап көру керек!
Сосын плавленный сливочный сырдың орнын немен алмастыруға болады? менде ол жоқ еді
немен алмастыруға болатыны ойыма келмей тұр, онсыз да болмайды. өкініштімін.