Өте жеңіл, өте дәмді, өте оңай.. тағы талай «өте»лердің торты )) қатты ұнады. жасап көрулеріңізді сұраймын – өкінбейсіздер!
- 2 жұмыртқа
- 1 стакан қант
- 2 ас қасық бал
- 100 гр сары май
- 2 ш.қ. ас содасы
- 3,5 стакан ұн
- 200 гр 20% қаймақ
Алдыменен жұмыртқаларды, қант пен бал және сары майды араластырып, буға қоюлана бастағанға дейін пісіресіз. Астын өшіріп, сода мен ұнды қосып араластырыңыз да, үстін жауып 45 минуттай жылы жерге қойып қойыңыз. Енді осы қамырды 5-ке бөліп, әрбір зуаланы жуқалап жайыңыз. Қамыр өте жұқа болатындықтан, мен арнайы қағазға қойып, соның үстінде жайдым. Яғни, қамырды алып әуре болмайсыз, қағазбен бірге противеньге қойып пісіресіз. Осылай 5-ін де пісіріңіз. Енді торт ыдысыңызды теріс төңкеріп, қамырдың шеттерін кесіп, тегістейсіз. Артқан қамырды ұнтақтап дайындап қойыңыз. Крем үшін: қаймақ пен қантты араластырасыз. Торт нанның арасына крем жағып, торт жинайсыз )) Үстіне алдын ала дайындалған ұнтақтан (жаңғақпен араластырсаңыз да болады) сеуіп қойыңыз. Тортты қонағыңыз келгенге дейін тоңазытқышқа қойып қойыңыз. 1 түн тұрса жақсы. Болды, осы-ақ. Ас болсын!
О,тамаша! Аспаздық блогын да сағынып қалыппыз. Торттан дәм ауыз тигендеймін… :)
hayirli kun,tagamdar ote tamasha koriniptur,koliniz dert kormesin.medoby tortti algash jasasam dep edim birak buga pisirgen degendi tusine almadim.rahatsiz bolmasaniz buga jumirtka kant may baldi pisiru turali tek tek toliktap uginikti turde jaza alasizba.en kiska uakitta jauap kutem
Қайырлы күн! Буға пісіру дегенде былай ғой: үлкенірек бір ыдысқа су қайнатып қоясыз, кішірек бір ыдысқа жұмыртқа, май, бал саласыз да, сол ыдысты қайнап тұрға үлкенірек ыдыстың ішіне қоясыз. Жоқ, батырмайсыз оны. Кішірек ыдыс үлкенірек ыдыстың ішінде қалқып тұруы керек. Осылайша үлкен ыдыстағы қайнап тұрған судың буымен кішірек ыдыстағы заттар пісетін болады. Оларды үнемі араластырып тұру керек. Түсіндіре алдым ба?
RAHMET.
тортыңыз дәмді екен
ас болсын!
Эля, сәлем! Балалық шақты еске түсіретін тортым бұл ))).
Серік Сәпиев қоржынға жетінші алтын салды ғой, сол күні осы дәм дастарханнан табылды ))). Дәл осы рецеппен! Маған өте ұнады, шынымен жеңіл торт екен!
Кейіннен буға емес, табаны отқа қойып, бірден араластырып та жасап көрдім. Біріншім ұнады! АЛЛА разы болсын!!! АЛЛА Жұмақтың тәттілерін нәсіп етсін блог иесіне! )))
өте карапаиым жане тез даиындалады екен сізге Рахмет….)
оте жақсы тағам. Сізге мол табыс тілеим
рахмет!
ия өте дәмді болды, кремін
шыгара алмай жур едим, сізге көп рахмет!!!!!!!!»
ote damdiii))100%
РАХМЕТ ӨТЕ ДӘМДІ