асқабақ пісірмесі

Асқабақтар сезонымен, аспаздар! Алдымыздағы бірнеше апта бойы бақшамыздағы асқабақтарды пайдаға жарататын боламын. Сондықтан асқабақ қосылған мәзірлеріңіз болса бөлісіңіздер – қуана жасап көремін.

Қазір сағат түнгі 12:40. Апта соңы жасап көргім келген бір асты жасап көріп, оны духовкаға қойып, енді аман-есен пісуін күтіп отырмын. Уақытты пайдаланып рецептін жазып қояйын дедім (уорпресс ашылмай тұрса да, http://www.vtunnel.com арқылы кіріп, ескі жазбамның кодын көшіріп жазып отырмын. Өкініштісі, сурет іле алмайтын сияқтымын. Тамақтардың суреттерін уордпресс ашылғанда ілермін, бұйырса).

  • 3 картоп
  • 500 гр шамасында асқабақ
  • 1 пияз
  • жарты үлкен қырыққабат
  • 2 жұмыртқа
  • жармақ ұнтағы
  • 50 гр сары май
  • тұз бен бұрыш

Картопты аршып, асқабақпен бірге суға пісіріп алыңыз. Езіп пюре жасаңыз. Суытыңыз. Табада май қыздырып, жұқалап туралған пияз бен тура солай жұқалап етіп туралған қырыққабат қосып қуырыңыз. Тұз бен бұрышты талғамыңызға қарай қосыңыз. Аздап суыған асқабақ пюресіне сары май қосып, жұмыртқа жарып араластырыңыз. Енді (пюреңіздің сұйықтығына қарай) жармақ қосыңыз. Мен 6 ас қасық қостым. Табаны майлап, пюренің жыртысын құйып, оның үстіне қырыққабат қуырмасын қойып, қайтадан пюремен жабыңыз. Қалауыңызша үстіне майонез немесе қаймақ жағыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***, Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s