духовкада піскен қарақұмық пен тауық

Соңғы кездері уордпресс дұрыс істемей жүр. Біресе ашылып, біресе ашылмай қалады. ҚЗ бойынша қайтадан жауып тастамаса болғаны. Әлде бұл проблема менде ғана ма.. Қазір ашылып тұрғанын пайдаланып тездетіп соңғы пісіргеніммен бөлісе кетейін. Қарақұмық пен тауық. Былай айтқанға рецепт жаңа (немесе күрделі) болып саналмайды. Бар өзгешелігі духовкада дайындалуында. «Оңай әрі тез» сериясынан десем қателеспеспін. Қарақұмық тауық майына піскені үшін өте «нежный» әрі «сочный» болып піседі. Ұнады.

  • 1 стакан қарақұмық
  • жарты тауық еті
  • 1 пияз
  • 1 сәбіз
  • шамамен 0,5 литр су
  • 1 түйір сарымсақ
  • тұз бен бұрыш

Қарақұмықты тазалап, жуып алып, тұзды суға 5 минутатй пісіріңіз. Пісірмей жасауға да болады негізі мен осы жолы пісіріп жасадым. Қарақұмық пісіп жатқан кезде, табаға май құйып туралған пияз бен үккіштен өткізілген сәбізді кезек кезегімен қуырыңыз. Майдалап туралған сарымсақ қосыңыз. Араластырып астын өшіріңіз. Енді осы табаға (егер табаңыз духовкаға қоюға жарамсыз болса, онда басқа ыдысты қолданыңыз) жартылай піскен қарақұмықты суымен бірге салыңыз. Қарақұмықтың үстіне туралған тауық етін қойыңыз. Қалауыңызша тұздап, қара бұрыш қосып қойыңыз. Табаның бетін фольгамен жауып, 200С ыстық духовкада 1 сағаттай пісіріңіз. 1 сағатта қарақұмықтың суы тартылып, тауық пісетін болады. Тауықтың еті қызарып піссін десеңіз, табаның бетін ашып тағы 5-10 минуттай пісіріңіз. Қалауыңызша дайын қарақұмық жармасына сары май қосып аралстырыңыз. Ас болсын.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to духовкада піскен қарақұмық пен тауық

  1. Айнұр айтады:

    инш пісіріп көру керек екен
    қарақұмықты пісірер алдында аздап майға қуырып алса, әдемі әрі езілмей піседі екен… енемнің кеңестерінен….

  2. Bakytnur айтады:

    Maklubenin receiptisi bar ma Eleke? :)

  3. 6gradus айтады:

    ой гречкааа:) сағындым

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s