суши: қызыл балық, қияр мен жұмыртқа

I am back! Жұмыс әлі де көп, бірақ кем дегенде бір ретке келген сияқты. шүкір. Бүгін сушиге мен сияқты құмар жандарға Алматыда жақсы бір жер рекоммендегім келіп тұр – «Сакура» кафесі! 1000 теңгелік жап-жақсы 3 түрлі бентолары бар. Әр бентоның құрамына суши, сорпа (кукси немесе теңізөнімдерінен), қуырылған картоп пен қуырылған балық (немесе тауық) еті және салат кіреді. Әзірге бұл кафені екі-ақ жерден көрдім – Розыбакиевтағы Мегада және Төле би-Байзаков көш. қиылысында. Ашылғандарына 1-ақ жылдай болды. Халал. Солай. Өкініштісі үйге тапсырыс беруге болмайды. Тәулік бойы да жұмыс істемейді. Түннің бір уақытысында суши жасау керек болғанда «қап» деп қалады екенсің. Өткенде ұйқылы-ояу жасағанымызда төмендегідей суши/кимбап аралас бір нәрсе болып шықты. Суши – өйткені балық бар, кимбап – өйткені кунжут майы қосылған.

  • нори жапырағы
  • тұзсыз суға піскен күріш
  • қызыл балық
  • қияр
  • соя соуы
  • жұмыртқа

Алдыменен күріш пісіріп алдым. Кунжут майын қосып араластырдым. Сосын жұмыртқаға жарты 1 ш.қ шамасында соя соусын қосып араластырдым дағы майға пісіріп алдым. Қызыл балық пен аршылған қиярды ұзынша етіп тұрадым. Нори жапырағын аздап кунжут майымен майладым. Нори жапырағына күріш, күріштің үстіне қызыл балық, қияр және туралған жұмыртқа қойып бәрін орадым. Өткір  пышақпен турау керек. Жазып отырып, қайта суши жегім келіп кетті. Ең қызығы, сушидің тек бірнеше түрін ғана жей аламын. Сонда да суши мен үшін түннің-бір-уақытысында болса да, жасап-жеуге тұратын тағам түрі.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Балық тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to суши: қызыл балық, қияр мен жұмыртқа

  1. Сыр сұлуы айтады:

    Жұмыртқаны қайната ма, әлде қуыра ма?

  2. Бота айтады:

    мен де осылай жасаймын,тек сал курамы озгешелеу,кызыл балыктын орнына ащы семга балыгын косамын,ал жумыртканын орнына ериген иримшик(плавленный сыр) косамын.оте дамди

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s