Уах, жаңа ешнәрсе пісірмегеніме қандай көп болған. Қу тіршілік! Бұзылуға бет алған сүзбе болмаса, бүгін де ешнәрсе жазылмас еді аспаздыққа. Иә, иә.. сүзбенің обалына қалмау үшін бүгін тездетіп одан бірнәрсе пісіруім керек болды. Көп ойланбай, маффин дайындадым. Қантты аздау қосқаным болмаса, дәмді болған сияқты. Таңғы асқа, қасына бал қосып жегенге жақсы дүние болып шықты. шүкір. Аспаздыққа қант мөлшерін көбейтіп жазайын, ендігіде жасағанымда есімде болатындай.
- 150 гр сары май
- жарты стакан қант
- 200 гр сүзбе
- 2 жұмыртқа
- 1 стакан ұн
- разрыхлитель
- қара мейіз
Майды микротолқынды пешке қойып ерітіңіз. Ыстық майға қант салып, қант ерігенше араластырыңыз. Жұмыртқаларды қосыңыз. Ұн мен разрыхлительді аз аздан қосыңыз. Ең соныңда аздап ұн себілген мейіздерді қосыңыз. Арнайы маффин ыдыстарды жартылай толтырып, 170-180С ыстық духовкада пісіріңіз. Піскен маффиндерді суытып, үстіне қант пудрасын себіңіз. Ас болсын!
п.с.: Соңғы кезде өте-мөте busy болғаным үшін, аспаздыққа біраз уақыт жаңа нәрсе қосылмайтынын ескерткім келеді. Жұмыстарымды бітіре салысымен асүйіме ораламын. Сөз!
Жұмыстарыңа сәттілік!
рахмет! сәттілік расында да артық болмас еді..
Өте оңай мәзір екен! АРБ!