коржиктер

Балалық шағымыздағы «коржиктер». Қамырдың тегіс болмауы печеньені таңертең асығыс жасағанымның «кесірі». Шәйға керемет дүние.

  • 200 гр сары май
  • 2 ас қасық қант
  • 100 гр қант пудрасы
  • 1 жұмыртқа
  • 1 ас қасық қаймақ немесе майонез
  • 3 стакан шамасында ұн
  • разрыхлитель

Алдыменен қант+қант пудрасы мен майды жақсылап араластырыңыз. Жұмыртқа мен қаймақ қосыңыз. Енді ұн+разрыхлитель қоспасын аз-аздан қасып қамыр илеңіз (ұн сапасына қарай, мөлшері 3 стаканнан аз немесе көп болуы мүмкін). 30 минутқа тоңазытқышқа қойыңыз. Қамырды жайып, қалаған формада коржиктерді жасаңыз. Үстіне қант себіңіз. 180С ыстық духовкада асты аздап сарғая бастағанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

8 Responses to коржиктер

  1. imanigul айтады:

    туууу, жегім кеп кеткені-ай. Міндетті түрде істеймін!

    • elvira айтады:

      істеп көр! ұнайтынына сенімдімін. ең бастысы ұнды аз аздан қою. Мен көрсеткен мөлшерден аз қажет болуы да әбден мүмкін.

  2. imanigul айтады:

    Айтқанымдай істеп көрдім. Үйге күйеуімнің жолдас жігіттері келген. Дастарханға қойдым. Тамсанып жеп, тауысып кетті. Маған ұнады!)) Рахмет!

  3. Aina meken айтады:

    менде де жақсы шықты, ӘЛХАМДУЛИЛӘӘ!!! )))
    әрине, формасы жақсы болмады )…. ((

  4. Ұлбосын айтады:

    мен бүгін ойда-жоқта осы сайтқа түсіп кеттім, уақыттың тығыздынан әлі бәрін толық оқи алмадым, дегенмен менің көңілімнен шыққаны қазақ тіліндегі жазылуы, өте сауатты, рахмет сіздерге, алдағы уақытта міндетті түрде Сіздердің сайттарыңызға жиі кіріп, сіздердің ұсынған мәзірлеріңізбен жиі ас әзірлейтін боламын. Іске сәт!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s