кәді икрасы

Бүгін кәді икрасын жасадым. Түрі тәбет аштырарлық болып шықпаса да, дәмі өте ұнады. Нанға жағып та, жеке өзін жеген де дәмді. Консервілеп банкаларға жауып тастауға да болады. Сіздер де міндетті түрде жасаңыздар. Ұтымды рецепт.

(төмендегі мөлшерді 500-700 гр шамасында ғана икра жасау үшін беріп тұрмын. Егер консервілейтін болсаңыз, мөлшерді көбейтіңіз)

  • 2 үлкен кәді
  • 3 қызанақ
  • 2 түйір сарымсақ
  • 1 үлкен пияз
  • 1 үлкен сәбіз
  • қара бұрыш
  • 1 ащы көк бұрыш

Алдыменен кәділерді аршып, тұзды суға салып қойыңыз. Пиязды аршып, төртбұрыштап тураңыз. Сәбізді үккіштен өткізіп, пиязбен бірге қуырыңыз. Майдалап туралған сарымсақ пен ащы бұрыш қосыңыз. Сәбіздің түсі өзгере бастаған кезде, төртбұрыштап туралған кәділерді қосыңыз. Қызанақтарды ыстық суға салып жіберіп, қабығын аршыңыз да, тұрап көкөністерге қосыңыз. енді қалауыңызша қара бұрыш пен тұз қосып, аздап су құйып жіберіп, өте жай отта бұқтырыңыз. Дайын икраны блендермен араластырыңыз. Салқындай жеген жақсы.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Консервілеу, Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to кәді икрасы

  1. Moti айтады:

    мынау біздің үйдің жақсыыыы көретін тағамдарының бірі
    /сонгы бір жасаганда бір келіп мен екінші келіп мама туз салып аштыыы болып кетіп еді )))/

    • elvira айтады:

      сіздер де осылай жасайсыздар ма? кейбіреулер кәділерді духовкада пісіріп алатынын естіп едім.

      • Moti айтады:

        ия осылай куырып и артынан бұқтырып аламыз

  2. tarazkyzy айтады:

    Эльвирка, тамаша рецепт екен. Тек «Егер консервілейтін болсаңыз» деген сөз тіркесін таратып жазсаң мен сияқты шаугімге:-). Қысқа жасау үшін қалай дұрыс сақтау керек екенін білмеймін да (мұнда ұялған смайлик болу керек)

    • elvira айтады:

      сәлем! консервілеу үшін рецепттің мөлшерін көбейту керек. мысалға былай етіп: 2 кг кәді, 500 гр қызанақ, сарымсақты талғамға қарай қосу керек.. бір үлкен сарымсақ жетіп қалар, 300 гр пияз бен 300 гр сәбіз. Бұрыш пен тұз талғамға қарай. Негізі алдыменен аз мөлшерде жасап көріп, кейін консервілеу үшін дайындасаң жақсы. Көкөністердің көлеміне қарай.

      Банкаларға жабар алдында оларды буға стерилизовать етесің. Ол үшін біз қайнап тұрған шәугімдің қақпағын ашып, соның орнына банка қойып буға стерилизовать етеміз. Банкаға қойылатын кәді икрасы ыстық немесе жылы болса жақсы. Банкаларға қойып тастаған соң, оларды жабасың да, жылы жерге қойып қоясың. Олар толығымен суығанға дейін. Мұндай икраны салқын жерде ұстаған жақсы.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s