giveaway #2: қорытынды

Алдыменен giveaway`ге қатысып, Қадір түні дастархан жаясыздар ма? деген сұраққа жауап жазғандарыңызға рахмет. Жауаптарыңызды оқу расында қызық болды маған. Жеке менің ойымша, басқа ешбір елде кездеспейтін – дастархан жайып отыру дәстүрі, қазақтың қонақжайлылығының тағы бір белгісі. Үйге соққан жолаушыға қой сойып, «қуыс үйден құр шықпа» деп қонағына сый беретін қазағым, қадір түні Қадыр ата үйлерді аралайды сенімінде болып дәм татқызбай қалайша құр қайтарсын. Жалпы қандай да болсын дәстүр-салтымыздың жоқ жерден шықпай, әрбірінің міндетті түрде бір негізі барына сенгім келеді. Алайда Mary өз жауабыңда жазып кеткендей, асты түнге ашық қалдыруға болмайды, сондықтан бұл дәстүріміздің сыртқы көрінісінен гөрі, Қадір түннің мән мен мағынасына көбірек көңіл аудару керек деп ойлаймын. Өз басым. Ал Қадыр атаның келуіне сеніп, оны күтіп отырудың дұрыс-бұрысын әркім өзі біле жатар.

Random name generator көмегімен zeyd beyaz misk қайда жіберілетіні анықталды. Екінші giveaway`ім Мейіржанға бұйырды. Берілген уақыттан тыс жауап жазған Жанболаттың пікірі бұл жолы есепке алынбады. Қалған пікір иелерінің есімдері бір-ақ рет жазылып, бір рет ғана ойнатылды.

Мейіржан, азды көптей көріп, кішкентай сыйлығымды қабыл ет. Аспаздықпен болғаныңа рахмет! Алдымыздағы ораза айт құтты болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * giveaways. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

9 Responses to giveaway #2: қорытынды

  1. meirzhan айтады:

    Қадір түніне орай осындай шараны ұйымдастырғаныңа рахмет! Алла разы болсын!
    Бірге болсын!

  2. urimtal айтады:

    Сыйлық құтты болсын, Мәке!!!

    Осындай бастаманы ұйымдастырған Эльвираға көп рахмет!

  3. meirzhan айтады:

    Жекеге жазамын, Розатай. ;)

  4. elvira айтады:

    Мейіржан, көрсеткен адресіңе жіберілді. Көңілінен шығады деп сенемін. құттықтаймын! Розатай, бұйырса алда тағы көп giveaway ұйымдастырылатын болады! Stay tuned! ^^

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s