give-away #2: zeyd beyaz misk

Кеше жақсы бір сайтпен таныстым – www.productiveramadan.com. Мақалалардың дерлік көбісі өте жақсы әрі елге (жастарға деп оқыңыз) пайдалы етіп жазылғаны ұнады. Әсіресе рамазанға қатысты анимациялары ұнады. Бәрін қосып қарағанда, құнды бір ресурс болып көрінді маған. Кіріп, өздеріңіз де тамашалаңыздар. Негізі қызықты материалдар аударылып, қазақ тіліндегі www.oraza.info сайтына қосылса, көпшіліктің пайдасына тиер еді деген сенімдемін. Аталмыш екі сайтпен де таныстырған Асхаттың құлағына алтын.. упс, күміс сырға! ^^

Бүгін қасиетті Қадір түні екенін ескеріп, біреуіңізге бір сыйлық жасағым келіп тұр. Сыйлық ретінде өзім жақсы көретін (Түркиядан үнемі 1 емес бірден 5-6 данасын алдарымын) иіс суды ойлап тұрмын. Zeyd Beyaz Misk.

Сыйлықты алу үшін осы постқа пікір ретінде «Қадір түні үйіңізде дастархан жаясыздар ма?» деген сұрағыма жауап беруіңізді сұраймын. Сыйлық кездейсоқ есім таңдайтын программа таңдаған пікір иесіне жіберілетін болады. Пікірлер ертеңгі сахурға дейін ғана қабылданады.

Қадір түннің қасиетін түйсініп, кейін «әттең-ай» демейтіндей етіп өткізуімізді жазсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * giveaways. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

11 Responses to give-away #2: zeyd beyaz misk

  1. urimtal айтады:

    Өткен жылы бұл түн(дер)і үйімізге жаңадан намаз бастаған студенттерді шақырғанбыз. Біздің әңгімеміз көбіне дастархан үстіне айтылатыны белгілі ғой. Сондықтан міндетті түрде дастархан жаямыз.

  2. aknurjan айтады:

    Әрине, жаямыз. Биыл да сол үрдіс жалғасын таппақ, ИншАллаһ Қадыр түнін көбірек дұға етумен өткіземін. Аллаһ бәрімізге мол сауаптан жазсын, тілегіміз қабыл болсын!

  3. Tarazkyzy айтады:

    Кейбіреулер «Қыдыр ата келеді, өзің күтіп отырмасаң да дастарханыңды жайып, терезеңді ашық қой»,- деп кеңес береді. Сосын Қызыр ата келді деп «ертегі» айтады. Расында да дастархан жаяу керек пе? Дос-жаран немесе туған-туыс жиналып дастархан басында отырып имани әңгімелер айту жөні бір бөлек.
    Былтырғы түн, жұмысқа байланысты отыра алмап едім. Биыл инш.отырамын деп отырмын. Меніңше бұл түн – тілек тілеу, дұға жасау түні. Дастархан жаямын деп өтірік айтпай-ақ қояйын (себебі ол дастархан басында бір өзім отырамын).

  4. Моti айтады:

    дастарханды жасап қоямын сонооу бала кезден қалған Қадыр ата келеді деген әңгіме бойынша )))

  5. Кәусар айтады:

    Қадір түнін биыл ғана үйде күтетін болармын, бұған дейін ниеттес достармен бірге отырып қарсы алатын едік. Жақсы, рухани, мәнді, имани әңгімелер айтылатын. Әрине, қыз-келіншектер жағы дастархан жайып, үлкен апалар дастарханның тез жаңартылып отырылуын қадағалайтын еді….
    Биыл өзгеше болғалы отыр. Жалпы, үйде жеті шелпек пісіреміз. Дастархан жаймайтын шығармын. Өйткені ертең жұмыс, әрі бір өзім; жақсы (рухани деп түсініңіз) кітап оқығанның өзінде де таңға дейін отыра алмайтын шығармын.

  6. Гәкку айтады:

    Биылғы Қадір түнін тәтемнің үйінде алғаш рет қарсы алғалы отырмын. Бұйырса, кешке дастархан жайып, күтсем бе деп отырмын

  7. Эльмира айтады:

    Дастархан жайып отыру керек деген пікірмен келіспеймін.Әңгіме дүкен құрғанша дұға еткен дұрыс шығар.

  8. Розатай айтады:

    Маған бүгін Құдайберді Бағашардың «Тағылым тамшылары» деген ғибратты әңгімелер жинағын сыйлады әріптесім. Соны оқып, тілек тілеп отырмақпын бұйырса!

  9. Mary айтады:

    Біз де жаямыз. Одан соң оның бетін ақ матамен жауып қоямыз (үйдегі мысық та Қыдыр атаның рөлін ойнап кетеді кейде), себебі асты түнге ашық қалдырмайды дейді ғой. Есікті де әдеттегідей құлыптамай, сол күні ашық болады.

  10. meirzhan айтады:

    Символды түрде болсын деп жеміс-жидектерді залдағы үстел үстіне қойып қойдық. Ырым болсын деп.

  11. Жанболат айтады:

    Жаймаймын. Тек қарным ашса ғана барып ішемін :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s