қызанақ пен жұмыртқа салаты

Қызанақпен жасалынған тағы бір тағам түрі. Салаттың жасалынуы оңай, құрамындағы майонез бен сарымсақ болмаса, салатты жеңіл деп те айтуға болар еді. Дегенмен сахурға болмаса да, ауызашар үшін жасауға тұрарлық.

  • 2 қызанақ
  • 2 жұмыртқа
  • 2 ас қасық майонез
  • аскөк
  • жарты тілім сарымсақ
  • тұз

Жұмыртқаларды пісіріп алып, майонез және туралған аскөкпен араластырыңыз. Қызанақтарды ыстық суда ұстап, аршыңыз. Енді қызанақтарды турап, суы толығымен тартылғанға дейін бұқтырыңыз. Аздап тұз, туралған сарымсақ пен аскөк турап қосыңыз. Енді кесеге қызанақ пен жұмыртқа қоспаларымызды қабат-қабат қойыңыз. Дастарханға қояр алдында, кесені табаққа теріс аударып ұсыныңыз. Ас болсын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

5 Responses to қызанақ пен жұмыртқа салаты

  1. Арайлым Орынбасарова айтады:

    ммм

  2. Ботагоз айтады:

    жумыртканы куырамыз ба суға пісіреміз ба?кызанақты бұқтырғанда май кұямыз ба?толығырақ айтсаңыз,оңай тез жасалатын салат екен

    • elvira айтады:

      Аспаздыққа қош келдіңіз. жұмыртқаны қуырмайсыз. қызанақтарды майсыз табаға бұқтыру керек. жасап көріңіз. Ас болсын!

  3. imanigul айтады:

    Жұмыртқаны да тураймыз ғой,дә, сонда?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s