қызанақты бәліш

Бақшамыздағы қызанақтардан не пісірсем екен деп тұрғанда, Элистің сайтындағы қызанақты бәлішке көзім түсті. Кішкене өзгертіп бүгінгі дастарханға жасап көрдім. Келген қонақтарға ұнаған сияқты. Бір-екі тілімі ғана қалып қалды.

қамыры үшін:

  • 200 гр сары май
  • 1,5 стакан ұн
  • 0,5 ш.қ. тұз
  • 0,5 ш.қ. қант

Жоғарыдағыларды қамыр жасау үшін қолдандым. Алдыменен ұнға тұз бен қант қосып араластырыңыз дағы, сары май қосып илеңіз. Тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Не ғұрлым ұзығырақ тұрса, о ғұрлым жақсы. Қамырды пісіретін ыдысыңызға қарай жайып, 170С духовкада үсті қызара бастағанға дейін пісіріңыз. Қамырдың үстіне қойылатын заттар сұйық болғандықтан, қамырдың өзін жеке пісіріп алған жөн. Әйтпесе үстіне қойылған сұйық заттардан қамыр жартылай шикі болып піседі.

жасалынуы:

  • 1 пияз
  • 1 түйір сарымсақ
  • 4 қызанақ
  • 3 ас қасық кимчи (немесе ащы томат)
  • 7 жапырақ базилик
  • 200 гр майсыз сүзбе
  • 70 гр шамасында ірімшік
  • 3 ас қасық майонез
  • тұз бен қара бұрыш

Пияз бен сарымсақты турап майға қуырып алыңыз. Суытыңыз. Қызанақтарды турап, аздап тұздаңыз. Шыққан суды төгіп тастаңыз. Бөлек ыдыста майонез, сүзбе мен қара бұрыш араластырыңыз. Жартылай піскен қамырды духовкадан шығарып, аздап суытып алған соң, үстіне қуырылған пиязды қойыңыз. Пияздың үстіне туралған қызанақтарды, базилик пен майдалап туралған кимчи қойыңыз. Тағы аздап тұздаңыз. Қызанақтардың үстіне майонез-сүзбе қоспасын біркелкі етіп қойып, духовкаға қойып қойыңыз. Ыстық әсерімен сүзбе толығымен жайылған кезде, бәліштің үстіне үккіштен өткізілген ірімшікті себіңіз. Ірімшіктің түсі өзгерген кезде, бәліш дайын болады. Ас болсын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s