kaz-day және қызанақты жұмыртқа

Бүгін кеңсемізде бір эксперимент жасадық – түске дейін орысша бір сөз қоспай қазақша сөйлеуге тырысып көрдік. Былайынша офисіміздегі қазақ тілі тура «наша казашадағыдай» енді: сөздің басы қазақша, соңы – орысша. Бүгінгі экспериментіміздің мақсаты да соны болдырмау, толық бір күн басқа ешбір тілді шатастырмай тек (таза) қазақша сөйлеу. Ниет солай болған. Бірақ 9:45-те ұйғыр әріптесіміз әбден қиналған болу керек, осы жолы түске дейін болсыңшы деп сұраған соң жарты күнге қысқарттық. Бірақ оның өзінде кәдімгідей қан-тер төгіп қиналдық. Бір нәрсені айтайын десең сөздердің қазақшасын таппай қалады екенсін. Доверенность (сенім хат), бухгалтерия (есепшілік), телохранитель (сақшы) т.б. сөздердің аудармасын іздеп Лингво мен интернетті парақтадық. Экпериментімізді әр бейсенбі жалғастырмақшымыз. Хе-хе, бейсенбі күндері бәріміз үндемей отырмасақ болғаны ))) айтпақшы, бұрын да айтқанмын, кеңсемізде (күллі компаниямызда да) қазақша мәтін тексеру/жазу үшін мені шақырады ғой елдер, «қазақшасы жақсы» деп! қазақшамды аспаздықтағыларға ғана «мойындата» алмадым )) Кім біледі осындай бейсенбілер арқасында мұны да өзгертерміз бір күні (wink~)

Бұл қызанақты жұмыртқа менеменге ұқсайды негізі. Бірақ бір нәрсе емес. Таңғы асқа / сахурға жасап көріңіздер. Жұмыртқаның іші сұйықтау болуы үшін, табаның үстін жауып пісіріңіз.

  • көк пияз
  • қызанақ
  • жұмыртқа
  • бұрыш пен тұз

Майға алдыменен пиязды қойып, оның үстіне домалақтап туралған қызанақты қойыңыз. Қызанақтардың бір бетін ауыстырып, екінші жағын қуыра бастаған кезде жұмыртқаны жарып қосыңыз. Тұздаңыз. Ыстықтай жеңіздер. Ас болсын.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: ***, Таңғы ас. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

One Response to kaz-day және қызанақты жұмыртқа

  1. мармира айтады:

    егер бұл сайтқа кірмесе daidostup.ru ға кіріңіз. содан кейін осы сайтты жазык открытьқа бассаңыз кіріп кетеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s