картоптан мини шашлык

Картоптан шашлык жеп көргеніңіз бар ма? Мен мұндай шашлыкты алғаш Шымкенттен көрдім. Өте ұнаған болатын. Соны жасап көру керек-ау деп жүргеніме біраз болған, өткенде бар жігерімді жинап жасап көрдім! Хе-хе, өкініштісі менікі шымкенттегідей болмай шықты.. жармақты бекер қосқанымнан ба дәмі тура оладьи сияқты болды да қалды *^^* Содан, дәстүрлі ет шашлыктың қасына оладьи-сияқты-картоп-шашлыкты жасағысы келетіндер үшін рецептті жазып қояйын дедім ^_^.

Картопты аршып, ет сорпасына пісіріп алдым (сорпа жоқ болса – суға пісіруге болады). Езіп, пюре жасадым. Ішіне сары май мен сүт қосып тұрып. Сосын жұмыртқа мен майдалап тұралған аскөк қосып араластырдым. Жармақ қостым. Тұз бен қара бұрыш қостым. Домалақтар жасап кептірілген нан ұнтағына аунаттым. Сосын етпен бірге бамбук ағаштарына тіздім дағы, астына фольга төсеп, 180С-та 20 минуттай пісірдім. Әсіресе ыстықтай / ысытып жегенде дәмі ұтымды болатынын байқадым.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to картоптан мини шашлык

  1. aknurjan айтады:

    Мәссаған, сіздің блогыңызға алғаш келуім, қатты ұнады. Күшті пісіреді екенсіз тағамдарды, біраз нәрсені қойын кітапшама түртіп алдым, жиі-жиі қонақ болып тұрайыншы… :)

    • elvira айтады:

      әрине төрлет. өзім де тамақ пісіруді үйреніп жүрген біреумін. аспаздық блогымыз пайдамызға жарасын.

  2. Иманигүл айтады:

    Дегенмен түріне қараса, дәмді сияқты. Істеп көрі керек екен. Бірақ жармақ дегеніңіз не?

  3. Aina meken айтады:

    өте тамаша екен!!! елдегі табиғи картошкалар болса, тіпті тамаша болатын шығар!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s