жармақ қосылған тефтель

Кешегі ауызашарға төмендегідей тефтель жасаған болатынмын. Қасына күріш гарнирі. Бұрынғыларға қарағанда бұл тефтельдердің ерекшелігі құрамындағы жармақта. Тефтельдерге жармақ қосып бірінші рет жасауым (интернеттен оқып алдым). Нәтижесі қуантты. Интернет жоқ кезде қалай ғана өмір сүргенбіз, кейде шын таңқаламын..  Интернет, вива форевэ! ^^

  • 500 гр фарш
  • 1 пияз
  • 1 жұмыртқа
  • 3-4 ас қасық жармақ
  • 1/4 бума көк пияз
  • аскөк
  • дәмдеуіштер

Пиязды қуырып алып, фаршқа қосыңыз. Жұмыртқа + майдалап туралған аскөк пен көк пиязды да қосып араластырыңыз. Енді фарштан домалақтар жасауға болатындай құрамға келгенге дейін, аз аздан жармақ қосыңыз. Тұздап, бұрыш қосыңыз. 30 минутқа тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Фарштан домалақтар жасаңыз. Енді тефтельдерді сорпаға пісірсеңіз де болады немесе мен сияқты көкөністермен жасасаңыз болады.

Табаға май қыздырып, ішіне пияз+жалбыз, сәбіз бен қызынақтарды қуырып алып, 1-1,5 стакандай қайнаған су құйып, соның ішіне тефтельдерді қойып, үстін жауып пісіріңіз болады. Артылған фаршты мұздатқышқа қойып сақтасаңыз, үйде бір полуфабрикатыңыз дайын болып тұратын болады.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ет тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to жармақ қосылған тефтель

  1. Эльмира айтады:

    Эльвира қайдағы сөздерді қайдан тауып аласың жармақ деген не ?

  2. Айнұр айтады:

    сәлем Эльвира, жармақ қосу оыйма келмепті, алайда булгур бар ғой ұсағы соны қосып жасап көрген едім, дәмі өзіме ұнады …:)))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s