майлық орау: гүл

Елдің жақсы жаңалығын естіп, менің де өміріме бір өзгерістер енгізгім келіп кетті. Жұмыс ауыстырсам бе екен, бәрін тастап көшіп кетсем бе екен, отпуск алсам бе екен, «жынды-жынды» сауда жасасам бе екен.. әлде шашымды қырқып сонымен тына салсам бе екен ^^ Негізі, жылдың басынан жасауым керек деген 4-5 істі бітірсем (маңыздысы: МК+60+АК) де аздық болмас еді. Оларды жасап тастасам, жеңілдеп, жоғарыдағы өзгерістерге керек қалмайтын да шығар. Бұл өмірдің қуын-ай! ^^

.. осындай ойларға батып, бүгін жай ғана қағаз майлық ораудың тағы бір үлгісімен бөліспекшімін. Қонақ күткенде табақтарыңыздың үстіне қағаз майлықтарды жоғарыдағыдай сәндеп қойғыңыз келсе, төмендегі нұсқаулықты қараңыз.

Қысқаша түсініктеме: қағаз майлықты екіге бүктеп, екі бұрышын ішке қарай бүктеңіз (4). Қырларын шығармаңыз. Яғни, екі жақты да бүктеп болған соң ортасынан ғана бастырыңыз да, бұрыштарын бастырмаңыз (5). Жапырақтарды жайып, тігінен тұрғызыңыз (6). Түсіндіремін деп, одан сайын шатастырып жібердім ғой деймін ^^

p.s.: Алматыда ауа-райы күрт өзгеріп кетті. Кеше +32 болып тұрып, қазір +15 көрсетіп тұр. Ауырып қалмай, аман болайық, аспазшылар!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * қолөнер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to майлық орау: гүл

  1. Кәусар айтады:

    Күшті. Қолыңыз дерт көрмесін.

  2. karagooz айтады:

    осындай сәнді нәрселерге қызықсам да қолымнан келе бермейді :( суретін көшіріп алдым, рахмет!

  3. Анар айтады:

    Маған сулықтың түсі ұнап отыр, көңіл–күйді жақсы ашады екен.

    • elvira айтады:

      сулық… салфетканың қазақшасы солай ме екен? қағаз майлық деп өзім аудара салғанмын. ұят болды ғой. :(

  4. GULYA айтады:

    Көп-көп рахмет! Басқа да нұсқалары бар болса жазыңыздаршы, өтінемін!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s