leftover пицца..

… немесе тоңазытқышты тазалаудан туындаған дәмді тағам! Кешегі тофу чоримнен артылып қалған тофу, ауызашарға дайындалған бауырсақтан артылған қамыр, желінбей жетімсіреп жатқан шұжық пен 3-4 күн бұрынғы пісірмеден қалып қойған қозықұйрық пен ірімшік. Осының бәрін қосқандағы нәтиже төмендегідей болды. Пиццаны ұнатқаным соншалық, ендігіде тура осы қоспалармен қайта жасап көрмекшімін. Ораза кезінде аз жейтіндігімізден, тоңазытқыштағы заттар ұзақ тұрып қалатыны жасырын емес. Осындайда азық-түлікті лақтыруға асықпайық, оларды пайдаға жаратып пицца жасайық! ^^

  • бауырсақ қамыры
  • 1 пияз
  • 1 түйір сарымсақ
  • 100 гр қозықұйрық
  • тофу
  • 2+1 қызанық
  • 1 қасық соя соусы
  • шұжық (сосиски)
  • ірімшік
  • кетчуп

Сонымен, мен былай істедім: Алдыменен бауырсақ қамырын тоңазытқыштан шығарып қойдым. Жылынсын деп. Табаға май қыздырып, туралған пияз бен майдаланған сарымсақ қуырып алдым. Ірілеп туралған қозықұйрықтарды қосып араластырдым. Біраз қуырып алған соң, соя соусымен араластырылып үгітілген тофу қосып жібердім. Тофудың түсі өзгере бастаған кезде 2 қызанақты өте майда ғып турап қостым да, тағы бір 3-4 минуттай қуырып алып, табаның астын өшіріп қойдым. Духовка ыдысын майлап, оның ішіне қамырды жайып жіберіп, қамырдың үстіне дайын кетчуп жақтым. Аздап суыған қуырмамды қамырдың үстіне қойып, тегістедім. Оның үстіне де домалақтап туралған шұжықтар мен тілімдеп туралған қызанақты тіздім. Сосын ірімшікті молынан үккіштен өткізіп, пиццаның үстіне сеуіп қойдым. 180-200С духовкада пиццаның шеттері қызара бастағанға дейін пісірдім. Өте дәмді!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s