тофу чорим

Соңғы кезде азық-түлік алу кәдімгідей проблема. Үйдің қасындағы дүкеннен аз-аздан алып жүргім келмейді, бір шыққанда бәрін бірден ала салғым келеді. Магнумға бармағалы алты айдан асады. Оның үстіне, бәрін бірден алсам, оларды үйге (4 қабат) дейін шығару мәселе болады. Бүгін бұған жақсы шешім таптым – www.arbuz.kz. Бағалары да тиімді, азық-түлігі да жақсы сияқты, көп зат алғанға азық-түлігін үйге дейін тегін алып келетіндері де ұнады. Сайттарын қарап отырып, түрлі тағамдардың жасалыну тәсілдерін тауып алдым. Дереу біреуін жасап көрдім. Қысқасы, осы аптаның бір жақсы жаңалық-сайты болды мен үшін.

Рецептті сол сайттан көшіріп беріп тұрмын. Мен жасаған шағын өзгерістер жақшаның ішінде көрсетілген.

  • Тубу (тофу) — 450 гр.
  • Соя тұздығы — 3 ас қасық
  • Жасыл пияз — 1 буда (мен аскөк қолдандым)
  • Сарымсақ – 2-3 бөлшек (1 ғана қостым)
  • Қант — 1 шай қасық.
  • Ұнтақталған қызыл бұрыш – 0,5 шай қасық.
  • Күнжіт дәні – 1 шай қасық.
  • Күнжіт майы — 1 шай қасық.
  • Ұн — аунату үшін.
  • Күнбағыс майы — 2-3 ас қасық.

Тубуны артық ылғалдан айрылу үшін 2 кг пресс астына 20-30 минутқа қоямыз, суық суы бар шәугімді қолдануға болады. (мендегі тофу қатты сулы болмағаны үшін онымен ештеңе жасамай дереу турадым) Сарымсақ пен жасыл пиязды ұсақтап тураймыз, соя тұздығын, қант, күнжіт дәндерін, күнжіт майын, қызыл ұнтақталған бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз. Тубудан барлық сұйықтық ағып біткеннен кейін, оны 1 см қалыңдықты шаршылап тураймыз. Ұнға аунатып, қызған табаға саламыз. Екі жағынан қызарғанша қуырамыз. Қуырылған тубуды табаға қабаттап саламыз және әр қабатқа дайндалған дәмдеуішті аямай құямыз. Бетін жауып, ота отқа 5-10 минут бұқтырып қоямыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to тофу чорим

  1. aijannur айтады:

    тофу таппай әлек болдым. Өткенде Гүлжаннан көргем (астана), алдым да, бірақ коптить етіп, қызыл бұрыш жағылған екен… нормальный қайда бар деп дүкен шарлаумен жүрмін…

    дәмді көрінеді!!! Рахмет!

    • elvira айтады:

      Астанада корей дүкендері бар ма? K-mart, S-mart.. солардан қарап көрсең. Мен үнемі корейлерден аламын тофуды.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s