көкөністі қайықтар

Рамазан айының арапасы құтты болсын! Әдетте бүгін қазақтар «иіс шығарады», яғни бауырсақ пен шелпектерді пісіріп – көрші, таныстарға таратады. Өз басым мұндай салтты адамдар арасында достық пен сүйіспеншілікті нығайтатын жақсы құрал деп білемін. Бүгін біздің үйде де иіс шығарылды. Бірақ мамамдар бауырсақ пен шелпектерді пісіріп тұрғанда, мен кешкі асқа төмендегідей көкөністі қайықтарды дайындап, соны суретке түсірумен әлек болдым (*^^*)

  • 2 кабачок
  • 2 кәді
  • 1 пияз
  • тұз бен бұрыш
  • 2 қызанақ
  • 2 жұмыртқа
  • 100 гр сүт
  • қозықұйрық
  • 100 гр шамасында ірімшік

Алдыменен пиязды аршып, майдалап турап алыңыз. Енді кәдіш пен кәділерді жуып, екіге бөліңіз. Орталарын қасықпен суреттегідей ойып, қайық формасына келтіріңіз. Кәділердің ащысын кетіру үшін, тұзды суға біраз уақытқа қойыңыз.

Кәдіш пен кәділерді ойғаннан кейін, олардың «етін» (ішіндегі жұмсағын) қалауыңызша тураңыз. Қатты майдалап етіп турамасаңыз да болады, өйткені піскен кезде көкөністердің көлемі азая түседі.

Енді табаға аздап май қыздырып, туралған пиязды, кәдіш пен кәдіні және 70гр шамасында саңырауқұлақ турап орта отқа қуырыңыз. Мен консервіленген қозықұйрық қолдандым,  консервіленбегенін қолдансаңыз дәмі арта түседі.

Қалаған мөлшерде қалаған дәмдеуіштерді қосыңыз. Мен 1 шәй қасықтай тұз бен тура сондай мөлшерде ірі қызыл бұрыш қостым. Бәрін жақсылап араластырыңыз. Көкөністердің суы толық тартылғанға дейін пісіріңіз.

Ең соңында аскөк турап қосыңыз. Қаласаңыз бір ас қасық томат қосып араластырсаңыз болады, мен томатты қоспадым. Көкөністерді аскөкпен бірге біраз қуырып болған соң, табаның астын өшіріп көкөністерді суытыңыз.

Кәдіш пен кәділердің ішіне қыуырылған көкөністерді толтырыңыз. Ыстыққа төзімді ыдысты майлап, соның ішіне көкөністі қайықтарды тізіп қойып шағыңыз. Енді әрбірінің үстіне туралған қызанақтарды тізіп шығыңыз.

Бөлек ыдыста жұмыртқа мен 100 гр жылы сүт араластырып, осы қоспаны көкөністі қайықтардың үстіне (бәріне жететіндей етіп) құйып шығыңыз. Қалауыңызша сүтті қоспа мөлшерін көбейтіңіз.

Ірімшікті үккіштен өткізіп, көкөністі қайықтардың үстіне сеуіп шығыңыз. Осымен көкөністі қайықтардың дайындалуы тамам. Енді қайықтарды 200С ыстық духовкаға қойып, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Гарнирге күріш жақсы болады. Ас болсын!

п.с.: Рецептпен бөліскен Пупсикке рахмет!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Көкөніс тағамдары, Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s