Соңғы күндер аспаздықта көрінбей кеткен себебім – Астанаға барып қайттым. Жұмыс бабымен барсам да, дос қыздармен кездесіп, қаланы біраз қыдырып қайтқаным үшін кішігірім отпускіден қайтқандай, кәдімгідей демалып қалдым. Соның арасында Тәп-Тәтті наубайханасына да кіріп шыққаным бар.
Тәп-тәтті әкімшілігі тағам ассортиментін көбейтіпті, ыстық тамақ, әдемі-әдемі торттар мен көздің жауын алатын түрлі печеньелерге енді 5-6 шақты пицца түрлерін қосып, рамазанға арнайы менюлерін жасап қойыпты. Қазір наубайхана ауызашарларға қызу дайындық үстінде екен. Пысық астаналықтардың қазірден ауызашар үшін тапсырыс беріп звондағандарын естіп қалдым. Жалпы көп ел мен сияқты коробка-коробка заказ беріп әкетіп жүрді. (Менің алғандарым суретте – Алматыға ала келдім. Үйдегілерге ұнады). Тәп-тәттінің қызметін сырттай қарап, қызығып кеттім. Наубайхана әкімшілігіне және осындай халал дәмділерді пісіретін аспаздарға тек сәттілік тілеймін!
п.с.: Онлайн-тапсырыс беруге мүмкіндік беретін бір сайттары болса, қызметтерінің жақсылығын одан да көп адам көрер еді д/о. Әкімшіліктің құлағына алтын сырға =)
siz sheker paresi pechen’esining receptin bilesiz be? sizding bloginizdan tappadym…
блогтың оң жақта Іздеу дегенге жазсаң, іздеген рецепті тауып береді. Шекерпаре мына жақта https://aspazdik.wordpress.com/2005/11/02/%D1%88%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BF%D0%B0%D1%80%D0%B5/