Динара апайға жұлдызды печенье

Бүгін Динара апайымыз күйеуге шықты. УРААА! Тойда көптен көрмеген / хабарсыз кеткен көп адамды кездестірдім. Күшті кеш болды. Барлық жағынан! Динара апайдың ең жаман күннің өзі бүгінгідей ғана болсын: қуанышына ортақтасып жиналған достары арасында, өзі бақытты әрі перідей сұлуууу! Педиатр жезденің пайда болуы бізді ерекше қуантады (^_^)

Динара апайға сюрприз жасамақшы болып, суреттегідей печенье пісірдім. Негізінде «задумкам» бойынша печенье жүрек формасында болуы керек еді. Күннің темасына қарай. Алайда, ондай форманы іздеп таппай қойдым =( Сондықтан печенье Динара апайдың «жұлдызды күніне» деген ырыммен жұлдыз формасында жасалынды.

  • 200 гр сары май
  • 200 гр қант пудрасы
  • 1 жұмыртқа
  • 3 стакан ұн
  • джем / варенье

Вареньеден басқаның бәрін араластырып, қамыр илеңіз. Қамырды 5-10 минутқа мұздай жерге қойып қойыңыз. Осыдан кейін, жұқалап жайып, жұлдыз (немесе басқа) формамен печенье кесіп шығыңыз.

Енді қолданылған жұлдыз форманың бір кішірегін алып, жұлдыздардың ішінен кішкентай жұлдыздарды кесіңіз. Кішкентай жұлдыздардың өздері емес, формасы керек болады. Артылған қамырды қайта илеу үшін қойып қойыңыз.

Екі печеньені біріктіріп, кішкентай жұлдыздардың орнын қалауыңызша джем немесе варенье құйып толтырыңыз. 170С ыстық духовкада 15 минуттай пісіріңіз. Асты сарғая бастаған кезде духовкадан шығарыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Печенье. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

14 Responses to Динара апайға жұлдызды печенье

  1. Shala qazaq айтады:

    «Динара апайдың ең жаман күні бүгінгідей болсын» дегенің бір түрлі естіледі екен. Ең бақытты күні болсын иншАллаһ, мінезі жұмсақ, мейірімді апайларымыздың біреуі болған Динара апай үшін құаныштымын.
    Эльвира печенье супер көрінеді !!!!!! Дәмі де сондай болган шыгар????? Әр түрлі жәрменкелерде таптырмайтын зат қой ))))), (құлағыңа алтын сырға).

    • elvira айтады:

      Енді алда бұдан да күшті күндер болсын дегенім ғой (завуалировано – хехе). Ал, печеньенің дәмі өзіме де қызық.. тағы бір-екі күн шыдап, тойға барғандардан сұрай бастаймын =)))) қалжын!

  2. Tomiris айтады:

    Түрінен қарағанда өте дәмді көрінеді…………… Динара апайыныңз бақытты болсын!!!

  3. asem айтады:

    Elvira apay, SA!!!! bu’l A’sem, qalyngyz qalay? Ramazan qu’tty bolsyn! Pechen’e kyshti ko’rinedi, dayyndap ko’rgim keledi, biraq men tysinbedim key jerlerdi, maghan telefonyngyzdy jazyp jiberesiz be, men zvondaym :)

  4. elvira айтады:

    Жұлдыздарды ешнәрсемен жабыстырмайсың. Бір бірінің үстіне қойып пісірсең болғаны. Қамырға аздап разрыхлитель қоссаң болады. Іске сәт!

  5. Zhazira айтады:

    сіздің сайтыңыздан тамақтар дайындап үйреніп жүрмін!!!!!! Шүкір осындай біздің апайлардың сайттары болғанына!!! Ары қарайда дамуына тілектеспін :)

  6. imanigul айтады:

    расында керемет! Супер! Анау-мынау кондитерлік фабрикаларды далада қалдырасыз ғой мына түріңізбен!)))) Бұны да көру керек екен. Динара апайыңызға күшті сыйлық болған екен! Мұндай сыйлық жасаған адамды көрмеппін. Ол өзі қуанып қалған шығар, а?

  7. ика айтады:

    салеметсизбе! мен сіздің сайтыңызды күнде қараймын! печеньеңізді пісіріп көрмек ойым бар. Динара апайыңыз қатты қуанған шығар!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s