Уордпресс жабық тұрған кезде жасалынған жаңа рецепттерден біреуі – қожақаттан (ор. ежевика) маффиндер болатын. Сол рецептпен бөлісейін. Маффиндер ойлағанымнан жақсы болып шықты. Қожақат толығымен езіліп кетпей, кесілген кезде әдемі болып көрініп тұрды, жеген кезде дедәмі сезіліп тұрды. Ұнады. п.с: Қожақат өзіміздің бақшамыздан.
- 10 ас қасық ұн
- 2 жұмыртқа
- 160 гр қаймақ
- 160 гр сары май
- 2 ас қасық тәтті сүт
- 1 ш.қ. разрыхлитель
- 300 гр қожақат
- аздап ғана тұз
Жұмыртқа мен қаймақты қосып араластырыңыз. Май мен тәтті сүтті қосыңыз. Бөлек ыдыста ұн мен қантты және разрыхлительді араластырыңыз да, екі қоспаны қосыңыз. Қожақатты ұнға «аунатып» қамырға қосыңыз. Жаймен араластырып, маффиндер үшін арнайы қағаз формаларға құйып 180С 25 минуттай пісіріңіз.