Мектептің бастауыш класстарында оқып жүргенде, әпкем екеуімізді ата-анам әр жазғы демалыста ауылға жіберетін. Әсіресе нағашыларымызға барғанды жақсы көретінбіз. Нағашыларымның үйі бақшаларындағы қарбыз, қауын, шие, шабдалы, жүзім, жер жаңғағы, айва тағы басқа неше түрлі жемістерімен есімде қалыпты. Бірақ бәрінен бұрын, қанша жыл өтсе де, сол кездері тетя Сараның бізге күнде таңертең жаңадан сауылып пісірілген сүтпен қоса, пештен жаңа шыққан ып-ыстық нанға қолдың супер-дәмді майын жағып беретіні ұмытылмастай есімде сақтаулы. Қолдың майы сол кездегі балалық шағымның дәмі.
Жасау тәсілі тетя Сарадан алынған:
Ұйыған айранды күбіге құйып піседі. Ол үшін 7-8 литрге 2 литр мұздай су қосу керек. Көп піскеннен кейін, күбінің бетіне май шығады. Осы кезде майды біріктіру үшін 1 кесе суық су құяды. Қалқып шыққан майды, суын сырғып алып, домалақтар жасау керек. Яғни, артық судың бәрін шығарып. Тұз қосып араластырып, қалаған формалар жасап қойып, мұздай жерде сақтау керек.
Біздің Қызылорда да осылай жасайды, бірақ Алматыда тұратын тәтем бұлай жасамайды. Сеператор деген аппаратпен жасайды, вообще күбі қолданбайды бұл жақтағылар дейді. Қызық, әр аймақта қолдың майын әр түрлі жасай ма?
Нағашы апам (мамамның мамасы) Қызылордалық негізі. Тетя Сараның қолдың майын басқаша емес, осылай жасайтыны содан шығар. Ал, біздер (Алматыда туып өскендер) қолдың майын тек ауылдан сұрап аламыз немесе көк базардан сатып аламыз. Өкініштісі дейін десем, ауызым бармай тұр =) Өйткені, сеператор болсын, күбі болсын май жасап отыруға ел уақытын қимайды (еріншектігімізден деп оқыңыз).
Қызық екен…қолдың майын айраннан жасағанды бірінші естуім. Қаймақты былғағанда май түспеуші ме еді?!