қамыр ішінде алмалар

Өте қарапайым десерт түрі. Ыстықтай да, салқындатып та жеген дәмді. Бірақ ыстықтай жегені жақсырақ сияқты (өзіме солай енді). Өйткені әлі ыстық болып тұрған алмалар қытайлардың «карамель ішінде алма» десертін еске салады. Қамыр майға піскенімен, піскен кезде дереу қағаз майлыққа қойып «кептірілген» болса, жеп-жеңіл, пощти диетический десерт болады =)

  • 2 алма
  • 1 жұмыртқа
  • 3 ас қасық қаймақ
  • 2 ас қасық қант
  • аздап тұз
  • 3 ас қасық ұн
  • аздап разрыхлитель

Алдыменен қамырын жасаңыз. Ол үшін, жұмыртқаға қант қосып араластырыңыз. Қантты алмалардың тәттілігіне қарай қосыңыз. Шырынды алмалар үшін 2 ас қасықтың өзі көп болуы мүмкін. Енді қаймақ пен аздап тұз қосып араластырыңыз. Ең соныңда ұн мен разрыхлитель қосып жіберіңіз. Қамыр қою қаймақ сияқты болуы тиіс. Енді алмаларды домалақтап кесіп, ортасындағы дәнек пен қатты жерлерін алып тастаңыз. Алмаларды қамырға малып, жақсылап қызған майға қуырыңыз. Қаға майлықтарға қойып «кептіріңіз». Дайын алмалардың үстіне қант пудрасын себіңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Десерт. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to қамыр ішінде алмалар

  1. Bakytgul Salykhova айтады:

    қолым тигенде жасап көрейін :)

  2. Nur айтады:

    оте дамди, азирлеуге кенес берем, асиресе 5-тин шайына

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s