эльмира апайдың сүзбелі бәліші

Эльмира апайды танитындар растар, оның «фирменный» тирамисудан кейін танымалдық жағынан екінші орында – сүзбелі бәліші тұр. Өте дәмді! Жасалынуы да оп-оңай. Қамыры жұп-жұмсақ. Тұпнүсқа рецептін екіге бөліп жасаған едім, бекер деп отырмын енді =) Төмендегі мөлшерімнен шамамен суреттегідей 10 тілім ғана шықты. Жұмыстағыларға алып келген едім, дәмділігіне елдер тоймай қалды. Міндетті түрде қайта жасау керек! +5!

     

  • 200 гр сүзбе
  • 1 жұмыртқа
  • 8 ас қасық қант
  • 1 стакан ұн
  • 100 гр сары май
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель

Сары майға 4 ас қасық қант қосып араластырыңыз. Ұн мен разрыхлитель  қосып, жұмсақ қамыр илеңіз. Тоңазытқышқа 1 сағаттай уақытқа қойып қойыңыз. Осы кезде басқа бір ыдыс ішінде жұмыртқа мен 100 гр сүзбені және 4 ас қасық қант қосып араластырыңыз. Пісіретін ыдысыңызды майлап (мен фольга төсеп жасағам), қамырдың жартысын үккіштен өткізіп қойыңыз. Оның үстіне қасықпен сүзбе қоспасын қойып, қалған қамырды да үккіштен өткізіп қосыңыз. Үсті қызарғанға дейін (шамамен 35-40 мин) 180С духовкада пісіріңіз. Суытып алып, үстіне қант пудрасын себіңіз.    

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

12 Responses to эльмира апайдың сүзбелі бәліші

  1. aida айтады:

    Elvira salem, damdi korinedi, a razrihlitel kuda dobavlyat v testo ili v nachinku?

  2. Толғанай айтады:

    Эльвир, рецепт үшін көөөөөөөөөөөөп рахмет, көптен интернеттен іздестіріп табалмай жүр едім.

    • elvira айтады:

      ас болсын! на всякий, Эльмира апай берген мөлшерлермен де жазайын рецептті:
      – 2 жұмыртқа
      – 200 гр май / маргарин
      – 400 гр сүзбе
      – 1 стакан қант (жартысы қамырға, жартысы сүзбеге)
      – 2 стакан ұн
      – 10 гр разрыхлитель
      – ванилин
      – қант пудрасы (бәліштің үстіне)

  3. Эльмира айтады:

    рецептті Гүлжанат ханымнан алғанмын.өте әдемі шығыпты

    • elvira айтады:

      сіздікіндей әдемі болмаса да, мәз болып қалдым! рахмет. Гүлжанат апайға да рахмет. Одан алынған барлық рецепт өте сәтті. Кейбірін аспаздыққа да қосқанмын.

  4. zerde айтады:

    Suzbe manka ma?

  5. НАБАТ айтады:

    ЭЛМИРА САГАН КОП РАХМЕТ МАГАН УНАДЫ ЕНДЫ БАЛАПАНДАРЫМА ПЫСЫРЫП БЕРЕМЫН ОП ОНАЙ ЕКЕН

  6. Gulnaz айтады:

    Злмира татей сизге коп рахмет жасадым керемет болыпты,жасадым коршилериме дамин кор деп берип ем оларгада оте катты унады бугин келип рецепти сурады рахмет

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s