құрт

Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдарына жататын, елімізде тұратын өзге халықтар да ұнатып жейтін тағам түрі – құрт! Құрт ашыған айраннан да, қатықтан да, сүтті арнайы қайнатып та дайындалады.

Құртты дайындау үшін ашыған айранды немесе ұйыған сүтті қазанға құйып, отқа қояды. Құрт қайнап жатқанда түбін күйдіріп алмас үшін қазанның ернеуін қырғышпен қырып, түбін былғауышпен былғап отыру керек. Құрт қоюланған кезде қазанды оттан алып, аздап суытады. Сонан соң оны құрт дорбаға қотарып, арнайы ағашқа іліп қояды. Сонды оның артық суы ағып, құрғай түседі. Әбден құрғаған соң татымына қарай тұз қосып, түрлі формаға келтіреді де шыптаға жайып тастайды. Осылай кептірілген құрт ұзаққа шыдайды.

... деп «сүт және сүт тағамдары» (1989) атты кітапта жазылыпты. Өзім құртты жасап көрмедім әлі. Сиыр сауғанды үйренген кезде, құрт жасауды да үйренетін шығармын. Әзірге нағашыларым жіберген дәмді құрттың суретін ғана түсіріп, аспаздыққа іліп тұрмын. Жасалынуы біреуіміздің болмаса біреуіміздің керегіне жарап қалар..

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Ұлттық тағам. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

9 Responses to құрт

  1. 6gradus айтады:

    қайнаған құртты ұнатпаймын, тек сорпаға қосқанға ғана болмаса.
    Кішкене кезімде апаммен сол ұйыған сүт не ашыған айранды сол күйінде дорбаға аударып, ағашқа іліп қоятынбаз, артық сары суы шығып, қатық қана қалады. Сосын тұздап құрт формасын беріп кептіретінбіз.
    ооой Эля мен үшін больная тема ғой құрт деген:))))) сен де бір адамды қызықтырып:)

    • vkototy айтады:

      Иә,Жанна,бізде де солай ететінбіз…:) екі қолды былғап, көрші орыстардың балаларының көзін қызықтырып..жасайтыным есіме түсіп кетті. :)

  2. akbantik айтады:

    mmm adamnyng tabetin ashatyndai ademi kurttar eken. Nagashylaryng ademi jasaidy eken kurtty, bir kelki domalak etip.
    bizde dal Janna aitkandai etip jasaitynbyz kurtty ;)
    kurtty kop sagynbaushy edim, sening suretingdi korip katty jegim kep ketti goi.

  3. elvira айтады:

    ой, қыздар, енді нағашыларыма звондап олардың құрт жасау тәсілін сұрау керек болды ғой. кітаптың нұсқасын беріп оңай құтыла салайын деп едім әйтпесе =)

    нағашыларымның рецептін алғаннан кейін, жоғарыдағы мәтінге толықтырулар енгізілетін болады.

  4. vkototy айтады:

    Мен де жақсы көрем құртты! Ауыздың суын құрытып…

  5. Kaldykyz айтады:

    сосын дорбадан аққан сары суды да пайдаланса болады, бірде ауылға барғанда сол суға шашымды жуғанмын бірнеше мәрте.
    Ал құртты жасауды білемін, таңсық ас болған соң, жасағанымнан жегенім көп болатын :)

  6. Bakytgul айтады:

    уау, күшті ғой !!!

  7. Сыр сұлуы айтады:

    Қызылордада қою айранды күбіге құйып майын алған соң, қалған сұйық айраннан құрт жасайды. Ал басқа аймақтардың құрттары тым майлы келеді(әлгі, қою айранды дорбаға құя салғаннан шығар). Ол маған аса ұнамайды. Сосын сұйық айранды да жазда шөліңді басатын сусын ретінде ішеді.

  8. Бақтыгүл айтады:

    Күніне 20 – 30 құрт жеймін

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s