маш көже

Бүгін сағат 10:00-де Алматыда жер сілкінісіне қарсы оқулар болды. Болғаны болды ғой, бірақ сиренаны біреуі естіп біреуі естімепті де. HSE департаментіміз офисті толығымен далаға шығартты, қасымыздағы мемлекеттік (!) поликлиникада қыстырған жан жоқ. Офисі менікіне жақын орналасқан құрбым болса мүлдем естімепті. Ұйымдастырған бүткіл қалалық оқуларының өзі осындай болса, (құдай сақтасын) апат кезінде не болармыз..

Кешіктіріп болса да, 2 апта бұрын суреті ілінген маш көженің рецептімен бөлісейін. Өте тойымды көженің түрі. Алматының салқын кештерінде жақсы вариант.

  • тауық еті
  • 1 кеседей маш
  • 1 кеседей күріш
  • сәбіз
  • қызанақ
  • картоп
  • пияз

Алдыменен тауықты пісіріп алыңыз. Бөлек ыдыста машты жуып қайнатыңыз. Суын төгіңіз. Осылай бір рет қайнатып, суын төкпей пісірсеңіз өзі де түсі қою көже қап-қара болады =) Сорпаның көбігін алып, етті сүзіп алыңыз. Кезек кезегімен туралған етті, күрішті, майдалап туралып, аздап қуырылған сәбіз+пиязды, маш пен туралған картопты қосып қайнатыңыз. Ішіне қызанақ турап қоссаңыз болады. Тұздауды ұмытпаңыз.  

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

7 Responses to маш көже

  1. aizhannur айтады:

    ооо, менің сүйікті тағамымның бірі. Айран, қатық және құрт салып жеймін))
    Ал жазда тап осыған тәтті бұрыш (болгарский ше), сосын ас көк саламыз))
    Етсіз жасасаңыз, тағамды ұсынбас бұрын сыр салуға болады))

    • elvira айтады:

      айран мен құрт туралы бірінші естуім. Дәмді болатын шығар. Қосып көремін міндетті түрде! айтқанына рахмет.

  2. Kaldykyz айтады:

    Кезінде осы машты огородымызға еккенбіз, жақсы дақыл. Көжесі де дәмді болады.

  3. Эльмира айтады:

    кешириниздер, маш деген не? биринши рет естип турмын

  4. Aidana айтады:

    kuwti as birak magan aska airan kosip jegen unamaid kurt kosip jeim deid kalai jaeisiz

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s