айшаның кексі

Аяқ астынан қыздармен кездесеміз дегенде неге екенін білмейм үнемі бірінші болып Айшанікіне барайық дейтін боппын =) Ол қыздың ешқашан сылтауратпайтынын білгенім үшін сірә. Осы жолы да Астанадан келген Гүлназбен Айшанікінде кездестік. Далада борандап бұршақ жауған кезде, ыстық жерде, ыстық кексттен алып, ыстық өсек… ой, әңгіме айтып отырып жақсы кеш өткіздік. Айша – рахмет саған. «30 минутта сендеміз» деп кенеттен звондасам да, бірталай нәрсе жасап үлгеріпсін. Келесіде 30 минутімді екіге қысқартам =)))

  • 3 жұмыртқа
  • 0,5 стакан қант
  • 1 стакандай сүт
  • ұн
  • разрыхлитель
  • 100 гр сары май
  • 80 гр шоколад

Жұмыртқа мен қантты миксерлеңіз. Сары майға шоколадты (аздап кекстің үстіне жағу үшін бөліп қойыңыз) ерітіңіз. Сүт пен сары май қоспасын қосып араластырыңыз. Үнемі араластырып ұн мен разрыхлитель қосыңыз. 180-200С ыстық духовкада пісіріңіз. Піскен кекстің үстіне шоколадты жағып шығыңыз. Айша арахисі бар сүтті шоколад қолданған болатын. Майдаланған арахис кексттің үстінде әдемі көрініп тұрды. Қара шоколад қосылса, кекстің түсі қоюлау болады деді Айша.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

6 Responses to айшаның кексі

  1. Abilakim айтады:

    Таң атпай адамның сілекейін ағызттыңыз -ау…

  2. aisha айтады:

    үйде ванилин болмай кішкене корица қосқам кекске, дәмі ұнады өзіме,
    Эльвира ендігіде 15 минут күтіп отырасын ләз жоқ :)

  3. Tomiris айтады:

    иә, осы бір кекс студенттер үшін ең таптырмас, жылдам пісетін ас мәзірі))))

    • elvira айтады:

      иә, студенттер мен жұмыс істейтін ханымдар үшін жақсы шешім. Сосын тағы, күтпеген жерден келе қалатын дос/қонақ үшін де жақсы вариант =).

  4. alia айтады:

    dm tusinsem buirmasn

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s