жұлдыздың салаты

Кеше Жұлдыз пікір жазып, оңай жасалынатын рецептпен бөліскен болатын. Соны бүгін таңертең жасап көрдім. Кештеу оянғаным үшін, жұмысқа кешігіп қалмайын деп, тез-тез жасаған едім. Салаттың түрінен де көрініп тұрған болар. Әйтпесе, салаттың шеттерін әдемілеп «ажурный» ғып сәндемекші едім бастапқыда. Әттең!

Асығыс жүріп, салаттың дәмін көре алмадым. Бірақ дәмі Жұлдыздың өзі де айтқандай «кәдімгі “тещин язык” деп аталатын салатқа» ұқсайтын болу керек. Үйде адам саны аз боғандықтан, 2 кісілік етіп жасадым. Сол мөлшермен беріп тұрмын:

  • 1 қызанақ
  • 1 кәді
  • 50 гр ірімшік
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қасық майонез

Ең алдыменен жұмыртқаны 4-5 минуттік етіп қайнатыңыз. Кәдіні аршып, төртбұрыштарға тураңыз да, майға қуырыңыз. Үнемі араластырып тұрыңыз. Піскен жұмыртқа мен ірімшікті майда үккіштен өткізіңіз. Негізгі заттар осымен дайын. Енді салатты жинау ғана қалды. Қолайлылық пен жинақылық (ондай сөз бар ма өзі?) үшін, салатты бастан емес, аяғынан бастап жасадым. Яғни, үлкен бір кесеге (сорпа кесесі) стрейч төсеп, түбіне алдыменен ірімшікті сеуіп қойдым. Ірімшіктің үстінен майонез жағыңыз, содан кейін жұмыртқаны қойыңыз. Қайта майонез жағып, енді қуырылған кәдіні, (осы жерде қалған ірімшікті қосып жіберіп) сосын қайта майонез жағып, туралған қызанақтарды қойыңыз. Осымен салат дайын. Енді табағыңызға кесені теріс төңкеріп қою ғана қалды. Қалауыңызша салаттың шеттерін майонез бен майдалап туралған аскөкпен сәндеңіз.  

п.с.: рахмет, Жұлдыз! тағы басқа рецепттеріңді күтемін! =)

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

10 Responses to жұлдыздың салаты

  1. karagooz айтады:

    оп-онай салат екен! Жасап корем!

  2. Жұлдыз Әбділда айтады:

    Тағы бір рецепт. Жұмыртқа мен картопты пісіріп аласың, тұздалған қияр, шұжық, көк пиызды ұсақтап турайсың. Қозықұйрықты (кәдімгі шампиньоны, целый дегенін аласың, «Микадо» дегені дәмді) табаға қуырасың, аздап тұз қосасың. Сосын үлкен тарелкаға бірінші үккіштен ірімшікті өткізесің. Сосын картоп, сосын жұмыртқа, сосын шұжық, сосын қияр, сосын көк пиязды слой-слоймен саласың, әр қабатқа майонез жағасың (аса көп жағудың керегі жоқ, өзі де тойымды салат). Ең бетіне қуырылған қозықұйрықтарды орналастырасың, сонда көгалда саңырауқұлақ өсіп тұрғандай болады.

  3. Анар айтады:

    мынау тәбет қоздырады екен;) ням ням!

  4. Ботагоз айтады:

    керемет әдемі салат екен жасап көрейін

  5. Ботагоз айтады:

    кәді деген не?

  6. Akerke айтады:

    стрейч деген не?

    • elvira айтады:

      тоңазытқышқа тамақ қойған кезде бетін жауып қоямыз ғой целлофан сияқты бір нәрсемен. сол стрейч.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s