гүлді қырыққабаттан салат

Көңіл күй мен дастарханды жайнатып жіберетін түрлі-түсті салат. Мусабтың мамасы жасап берді. Дәмді! Бұл салат әсіресе күріштің қасына жақсы келеді.

  • гүлді қырыққабат
  • үш түсті бұрыштар
  • 2-3 түйір сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке
  • зәйтүн / сұйық май
  • аскөк пен көк пияз

Гүлді қырыққабатты тұзды суда пісіріңіз. Қалаған үлкендікте бөлшектеңіз. Бұрыштарды төртбұрыштарға турап қосыңыз. Бір табаға 1-2 ас қасық майды қыздырып, майдалап туралған не болмаса үккіштен өткізілген сарымсақтармен араластырыңыз. Сарымсақтарды салатқа қосыңыз. Сіркемен араластырыңыз. Аскөк пен көк пиязды майдалап турап қосыңыз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: * досымның мәзірі, Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to гүлді қырыққабаттан салат

  1. Жұлдыз Әбділда айтады:

    Түрлі-түсті капустаны тұзды суға бір бұрқ еткізіп алғаннан кейін бөлшектеп, үстіне екі жұмыртқаны жарып араластырып, сосын қуырып жіберіп барып жасасаң, вообще дәмді болады. Мммммммммммм дейсің)))

    • elvira айтады:

      иә, біз де жасаймыз осылай. Бұрын іліп пе едім деп Аспаздықты қарап шықтым – жоқ екен. Есіме салғаныңа рахмет! п.с.: цветная капустаны орысшадан әркім әртүрлі аударады екен. негізі капустаның түсі бір ғой, соцветиялардан құралғаны үшін «гүлді» деу дұрысырақ емес пе? қалай ойлайсың?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s