Ауа-райының суығы көктемді сездірмей тұрғаны-ай. Әсіресе өткен жексенбі күнгідей жаңбыр + суық + жел болған кезде, ешқайда шықпай, ыстық шәйдан ұрттап, ыстық көже ішіп үйде отырғың келеді. Көктеміміздің осындай ерекше салқын күндерінде, төмендегідей көже жасаған жақсы. Басқасы емес – лобиядан! Өйткені 1 сағатта пісетін мұндай көже, орталық жылусыз тұрған пәтеріңізді да жылытып береді =)
(төмендегі мөлшерден 4 кісілік көже шығады)
- 1 шәй кесесі лобия
- тауықтың төс еті
- 1 қызанақ
- 1 сәбіз
- 1 болгар бұрышы
- 1 пияз
- дәмдеуіштер мен аскөк
Лобияны бір түнге салқын суға қойыңыз. Тауық етін пісіріңіз. Сорпаны төкпеңіз, көжеге қолданылады. Тауық сорпасына лобияны қойып, жай отта қайнатыңыз. Бөлек табада төртбұрыштап туралған пияз бен үккіштен өткізілген сәбізді қуырыңыз. Талғамыңызға қарай, болгар бұрышын турап қоссаңыз болады. Қуырылғандарды пісіп тұрған көжеге қосыңыз. Қызанақты және піскен тауықты турап қосыңыз. Дәмдеуіштерді де қосып, лобия жұмсарып піскенге дейін (шамамен 45-50 минут) жай отта қайнатыңыз. Дайын көжеге аскөк турап қосыңыз.
Бұл көжені ұмытпайтын шығармын ))). Суреті қандай тартымды!!! бірақ бар ғой, менің фасольдарым өте баяу піседі. сорты сондай ма деймін. үш-төрт сағат тұрады ғой.
дәмі, сөз жоқ, өте ғажап екен!!! күтуге тұратын сорпа!!! АРБ!!!