мексикан/жұлдыз салаты

Бір танысым Асыл Арнадағы «адал ас» бағдарламасы туралы айтып, қызықтырған болатын. Жақсы-ақ бағдарлама екен. Жүргізушілерден біреуі Едігенің Жаннатына қатты ұқсағандықтан ба (түрі де, сөйлегені де)  бағдарламаны аяғына дейін қарап шықтым. Сол күні олар «Жұлдыз» атты салат жасады.  Сүйтсем онысы Ақбанудың «мексикан салаты«нан аумай қалыпты! Ақбанудың блогынан алған ба,  әлде «Жұлдызбен сырласу» журналының ескі нөмірінен ба, әйтеуір рецепттегі заттардың грамм-граммына дейін, ірімшікті домалақтап турағанға дейін айнытпай салыпты..  «Жұлдыз» ба,  «мексикан» ба,  «мексикалық  жұлдыз ба» сірә ол маңызды да емес шығар, маңыздысы – салат расында да дәмді.  Ақбану мен Асыл арнаға рахмет!

(берілген мөлшерден суреттегідей бір табақ салат шығады)

  • 1 қызанақ
  • 1 қияр
  • 50 гр ірімшік
  • піскен тауық төсінің ширегі
  • 1,5 қасық көк бұршақ
  • майонез (қалауыңызша)

Ірімшікті домалақтап турау сәл машаққаттау көрінді, сондықтан қызанақ, қияр мен тауықты турағанымдай ірімшікті да төртбұрыштап турадым. Майонездің көбірек болғанын ұнатқандар, көбірек қосып жатар, өз басым суретте де көрініп тұрғандай жарты қасық шамасында ғана майонез қолданған едім. Аздап тұздауды керек етеді.

п.с.: 9 мамыр Жеңіс күніміз құтты болсын!

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Салаттар (майонезді). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to мексикан/жұлдыз салаты

  1. Жұлдыз Әбділда айтады:

    Мен мұндайды «өтірік салат» немесе «барымен базар» деймін. Үйде не бар, сонымен жасай беретін салаттардың сериясынан екен)))) Мысалы, шұжық, жүгері, брынза, кириешки, чипсы, тіпті алма да қосуға болды ғой. Короче, «қалған-құтқандарды» турап, жасай берсең, осыған ұқсас бір салат шығуы мүмкін)))

    • elvira айтады:

      кейде бірақ үйлеспей қалады ғой құрамындағы заттар, сосын бүткіл салаттың обалына қаласың =). Сосын «күрделі» жасалынатын салаттарды еш ұнатпаймын. Ыңғайлы рецепттерің болса, бөліссеңші! =)

  2. Жұлдыз Әбділда айтады:

    Кәдімгі «тещин язык» деп аталатын салаттын бір нұсқасы: Алдымен қызанақты тарелканың түбіне тізесің, бетіне баклажан, сосын ірімшік пен жұмыртқаны үккіштен өткізіп себесің, сосын қайта қайталайсың, ең соңында ірімшіктің үстіне аскөк сеуіп қоясың. Арасына, әрине, майонез жағылады))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s