жусай мен ет салаты

Кеше әріптесім телефонмен папасынан бір рецепт алып, үйіндегі нянечкасына жасап беріңізші деп айтып отырғанын естіп қалдым. Жусай мен ет салатының рецепті екен. Қызығып мен де жазып алдым да, үйге барып жасадым. Ұнады! Өте! Сірке арқасында «с кислинкой» дәмді салат болып шықты. Өкініштісі, екі бума жусайдан аз-ақ салат шығады екен. 2 кісілік.

  • 2 бума жусай
  • 100-150 гр ет
  • қызыл бұрыш пен қара бұрыш
  • тұздалған су
  • 1-1,5 ас қасық соя соусы
  • 1-1,5 ас қасық сірке
  • 1 жұмыртқа

Жусайды жуып, ақ жақтарды кесіп тастаңыз. Оларды да турай салуға болады деген негізі, бірақ мен қатты болады деп алып тастадым. Енді жусайды өзіңізге ыңғайлы ұзындықта тураңыз. Мен суреттегідей 2 см етіп турадым.

Тұздалған суды қайнатып, жусайды соның ішінде 2-3 минуттай пісіріңіз. Жай үстіне ыстық су құйып та жасауға болады, мен пісіруді жөн көрдім. Енді, артық суын алу үшін, жусайды сүзегіге (ор. дуршлаг) қойыңыз.

Осы арада етті ұзынша турап, аз майға қуырыңыз. Үнемі араластырып тұрыңыз. Соя соусы қосылатын болғандықтан, мен етке мүлдем тұз қоспағанмын. Оның орнына қызыл бұрыш пен қара бұрыш қостым.

Қосқаным ірі тәтті қызыл бұрыш болғандықтан, аямай жарты ас қасық салған едім. Қара бұрышты көп дегенде жарты шәй қасық па солай қосқанмын. Жусайды аздап (қатты сығып езіп жібермеңіз) сығыңыз. Сулы болмауы керек әйтеуір.

Қуырылған етті жусайға майымен бірге қосып, араластырыңыз. Ет пен жусайдың арақатынасы (ор. соотношение) фунчеза салатындағыдай болуы керек. Яғни, жусай еттен көбірек болса жақсы.

Енді, салатқа сірке суы мен соя соусын қосыңыз. Мен 6% алма сіркесін қолдандым. Егер % көп сірке қолданатын болсаңыз, мөлшерін азайтыңыз. Соя соусын да талғамыңызға қарай қосыңыз.

Салаттың жасалынуын осымен бітірсеңіз де болады. Салатты бір ыдысқа қойып, соус сіңуі үшін тоңазытқышқа 1-2 сағатқа қойып қойсаңыз болды. Бірақ мен қосымша ретінде салатқа 1 жұмыртқаны қуырып, ұзынша етіп турап қосқан едім.

Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Салаттар (майонезсіз). Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

18 Responses to жусай мен ет салаты

  1. 6gradus айтады:

    жусайды шікілей пайдаланған екенсің ғой, басында суретке қарап оны да қуырады екен деп қалдым, өте пайдалы нәрсе екен

    • elvira айтады:

      еттің майы ғой ол жылтырлатып тұрған =) тағы бір ретте етті кунжут майына пісіріп көрмекшімін. Салаттың дәмі одан да күшті болатын сияқты

  2. Bakytgul Salykhova айтады:

    супер, суреттерің керемет

    • elvira айтады:

      рахмет! жасап жатып, тамақты суретке түсіріп тұру үлкен challenge =) камераның салмағын ескерсек, challenge x 2! =)

  3. gaukhar айтады:

    super, okinishtisi bizde jusay kimbat turadi :(

    • elvira айтады:

      рахмет! (зато) сіздер жақта шпинат молынан әрі арзан деп білемін. сосын салатқа қолданылатын түрлі шөптер. солай ғой, иә?

  4. Жұлдыз Әбділда айтады:

    Эля, аппетитный салат екен. Жусай мен еттен тек манты жасауға бола ма десем)))

  5. gaukhar айтады:

    ia salatka koldanatin turli shopter kop, men barin koldana bermeymin, spinach+iceberg letuce’ten baska. songisinda voobshe kunarli eshtene jok ekenin okigannan keyin, tipten almaymin.

    shpinat arzan degen endi salistirmali shigar, KZ’da kansha turadi?

  6. Guljik айтады:

    Elvira!!! MEnim jagdaiymdy bilesin : Siyr et jok, koi eti jok: Jamysh eti ote katty, sol ushin birinshi ony kainatyp alsam suga sosyn kuyrsam salat kuyrylgan dami bolmai kalama dep korkam… Sen kalai oilaisyn…nemese tauykpen jasaiyn ba?

  7. Guljik айтады:

    HMMM .., RAHMET!!! jamysh ol siyrdyn bir turi, birak eti ote katty, kari maldyn etine yksaidy.. bir kuyryp jeu mumkin emes sol ushin aittym..,

  8. Aina meken айтады:

    уоу, бұл енді нағыз тамаша салат екен! өте тойымды өзі! арнайы соус алдырып тұрып жасаған еңбек жемісті болды! АРБ!!!! ))))

  9. Aina meken айтады:

    келген қонақтар осы салатты ерекше мақтайтын болды. Ларамиге танымал салат болатын шығар жақында )))). ИНШ!
    рецептерімен бөлісіп жатырмын. олар да риза, үйренгенімді үйреттім деп мен де риза! )))
    АРБ, Элвирка, АРБ!!!

    • elvira айтады:

      Кәмшат! Асхат күнде әр түрлі ұлтты қонақ шақырып сені профи аспаз қылатын болды ғой! өзің де бір блог ашып, біздерді сол жақта үйренгендеріңмен таныстырып отырмайсың ба? күшті болар еді!

      • Aina meken айтады:

        ))) мені профи аспаз қылып жатқан осы блог!!! рас айтам! АРБ!!! ал үйренгендерімді осы жерге бір реті келгенде жазып кетуді ойлап жүрмін. ИНШ! мен аспаздық блог ашсам, ол «аспаздық» блогының көшірмесі болып қалады ғой ))). көшірме блог болмау керек. солай ғой, иә? )))

      • elvira айтады:

        )) алтын қыз!

Leave a reply to elvira Жауап беруден бас тарту