Спагетти тез жасалынатын тағамдардың бірі. Мен негізі томаты көп спагетти жақсы көремін. Бұл жолы қаймақ қосып жасағаннан кейін, 1-ақ қызанақ қосқан едім. Ет пен көкөністер «сұйықтау» болсын десеңіз, қаймақ соусын көп қайнатпаңыз.
- спагетти немесе басқа макарон өнімі
- кілегей немесе қаймақ
- ірімшік
- пияз
- қызанақ
- ет
- сәбіз
- көк тәтті бұрыш
- дәмдеуіштер
- 2 түйір сарымсақ
Тұздалған суды отқа қойып қайнатыңыз. Су қайнаған кезде спагетти салып пісіріңіз. 10-15 минут (макарон өніміне байланысты), Осы арада табаға май қыздырып, майдалап туралған пиязды қуырыңыз. Үстінен майдалап туралған ет (немесе фарш) қосыңыз. Көкөкністерді, сарымсақты майдалап турап, бәрін араластырып қуырыңыз. Дәмдеуіштерді және қаймақты сумен араластырып жасалынған соусты қосыңыз да, соус қайнай бастағанға дейін пісіріңіз. Суды төгіп, спагеттиді ыстықтай күйінше зәйтүн майымен араластырыңыз. Қалауыңызша спагеттидің үстіне ірімшікті үккіштен өткізіп себіңіз. Спагеттидің үстіне ет қоспадан қойып сервис жасаңыз.