сарымсақты пицца

Басында жай ғана сарымсақ пен пияз қосылған пицца жасамақшы едім. Бірақ  тоңазытқыштағы left-over заттарды көріп, оларды да пиццаға қосатын болдым. Нәтижесінде пицца атауына сай «үйде не бар» соның бәрін қосып жібердім. Сонда да пиццаны «сарымсақты» деп тұрмын, өйткені бұл пиццаны бұрын жасағандарымнан өзге қылатын сол сарымсақ болып тұр.

  • жарты ас қасық құрғақ ашытқы
  • жарты стакан жылы сүт
  • жарты шәй қасық қант
  • жарты шәй қасық тұз
  • 1 жұмыртқа
  • 2 ас қасық сұйық май
  • 1-1,5 стакандай ұн
  • 1 ас қасық томат
  • ірі қызыл бұрыш
  • 1 ас қасық су
  • 1 үлкен пияз
  • 3 түйір сарымсақ
  • аздап кептірілген жалбыз
  • 1 қызанақ
  • жарты сары тәтті бұрыш
  • жарты жартылай ащы көк бұрыш
  • «чайная» шұжық тілімдері
  • қара зәйтүн
  • ірімшік
  • зәйтүн майы

Алдыменен жарты стакан сүтті аздап жылытыңыз. Ішіне ашытқы мен қант қосып, үстін жауып ашытқы көтерілгенше қойып қойыңыз. Көтерілген ашытқыға жұмыртқа, сұйық май мен тұз қосып араластырыңыз. Ұн қосыңыз. Қамыр илеңіз. Қамырдың үстін жауып қойыңыз. Табада май қызартып, жарты шеңберлеп туралған пияздарды қуырыңыз. Кептірілген жалбыз бен майдалап туралған сарымсақтарды қосыңыз. Пияздардың түсі өзгергенге дейін қуырыңыз. Астын өшіріп, суытыңыз. Кесеге томат пен ірі қызыл бұрышты қойып сумен араластырыңыз. Бұл томат соусы болады. Духовканың ыдысын майлап, аздап ұн себіңіз. Қамырды қалаған үлкендікте жайып, ыдысқа орналастырыңыз да, қатты көтеріліп піспеуі үшін кей жерлерден қамырды пышақпен тесіп шығыңыз. Қамырдың үстіне томат соусын жағыңыз. Енді қамырдың үстіне қалаған кезекте жіңішкелеп туралған шұжықты, туралған бұрыштарды, қуырылған пияз бен сарымсақты және жіңішке шеңберлерге туралған қызанақты қойып шығыңыз. Зәйтүнді да турап қосыңыз. Енді, ірімшікті ірі үккіштен өткізіп, пиццаның үстіне біркелкі етіп қойыңыз. Алдын ала 200С-қа қыздырылған духовкада пиццаны шеттері қызара бастағанға дейін пісіріңіз.  Пицца пісе бергенде үстіне зәйтүн майынан себелеп қойыңыз. Пиццаны ыстықтай жеген жақсы.

п.с.: упс, құрамын да, жасалынуын да тым күрделі қылып жібердім ғой деймін. Негізі еш қиыны жоқ. Пиццаға қаламаған заттарды қоспасыңыз да болады.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Пиццалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

3 Responses to сарымсақты пицца

  1. aizhannur айтады:

    бүгін ғана пицца жасадым)) бірақ мен ашымаған қамырдан жасаймын:
    бір кесе айран, екі ас қасық майонез, бір кесе су, шамалы қант, тұз, ас содасы және ұн. Бәрін біріктіріп қамыр жасап, орап жиырма минутке алып қоям. Кейін, томат пастасы мен кетчупті араластырып, зәйтүн майы мен дәмдеуіштер салып негіз жасаймын. Қамырды жайып, үстін вилкамен тесем де, манағы негізда жағам, ал кейін қызанақ салам, кейді шұжық не ет, тауық етін, сосын көөөөөп сыр сеуіп екі жүз градусқа қыздырылған пеште жиырма бес минут пісірем. Ең ұнайтын түрі Маргарита. Тек қызанақ пен сыр ғана)))

    Келесіде ашыған қамырдан жасап көру керек екен)))

    • elvira айтады:

      мен осы демалыста (бұйырса) пиццаны сенің рецептіңмен де жасап көремін! рахмет бөліскеніне.

  2. мира айтады:

    нормально екен

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s