темпура

Орыстардың «овощи в кляре» дегенді жапондар «темпура» дейді. Осындай темпураны бүгін жасап көрдім. Көкөніс ретінде шалғам мен қиярды қолдандым. Ал негізінде паприканы да, сәбізді де, басқасыны да қолданып жасауға болады. Маған бәрінен шалғам мен тәтті бұрыш қосылғанысы ұнайды. Жапондар темпураның қасына күріш пісіріп жейді, алайда күрішсіз де жаман емес.

  • шалғам немесе басқа көкөніс
  • 1 жұмыртқа
  • 1 ш. қасықтай соя соусы
  • ұн
  • 1 түйір сарымсақ

Жұмыртқаға соя соусын қосып араластырыңыз. Мен шамамен 1 қасықтай қостым, бірақ сіз тұздылауын жақсы көрсеңіз көбірек қоссаңыз болады. Сарымсақты езіп, оны да қосып араластырыңыз. Енді керекті қоюлықта болғанға дейін (қою қаймақ сияқты болуы керек) ұн қосып араластырыңыз. Темпура соусы дайын. Көкөністерді аршып, шеңберлеп немесе ұзынша ғып турап, темпураға батырып, қызған майға қуырыңыз. Айтпақшы, темпураны дайындау кезінде ағаш таяқшаларды қолдансаңыз жақсы: көкөністерді батырып майға қойғанда да, майдан шығарғанда да шаңышқыға қарағанда солармен жасаған ыңғайлы.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар, Көкөніс тағамдары. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

2 Responses to темпура

  1. 6gradus айтады:

    сенің темпураң түрі біраз басқадай боп шығыпты. Бірақ сонда да аппетитно көрінеді екен. Неге екені сенің темпураң қарап ұйғырша манты хошән еске түсіп кетті, ооой хошаан хочуу:)) Соны қалай жасайд осы білмейсің бе?

    • elvira айтады:

      иә =) жапондардікіне ұқсамай қалыпты, байқадым. Темпура соусына ұнды керегінен көп қосқанымнан сірә.

      Хошанді мен де жақсы көрем! Алдыменен майға қуырып, сосын буға (мантоваркада) пісіретіндерін білем. Алайда өзім ешқашан жасап көрмедім. Әлі. Айтқаның жақсы болд. Challenge!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s