учпучмак

«Яссауи» компаниясында жұмыс істеп жүргенімде, көшенің арғы бетіндегі дүкеннен дәмді учпучмак сатып алушы едік. Сол бір кездің тәттілігінен ба, ыстықтай жеген сол учпучмактардың шынымен дәмді болғандығынан ба.. әйтеуір содан бері қанша рет учпучмак жесем де, «учпучмак» дегенде үнемі Фурманов пен Құрманғазыдағы  учпучмактар ғана есіме түседі. Аспаздықта татар тағамы учпучмактың рецепті жоқ екен, жазып қояйын дедім. Студенттік шағымды есіме алғанда, қайталап жасайтындай.


  • 1 стакан айран (мен сүт пен 2 қасық майонез қостым)
  • 100 гр сары май
  • 2 жұмыртқа (бір жұмыртқаның сарысы үстіне жағылады)
  • жарты шәй қасық тұз
  • сода (мен 1 шәй қасық разрыхлитель қостым)
  • ұн
  • 4 картоп
  • туралған ет (немесе фарш)
  • 2 пияз
  • қара бұрыш пен тұз
  • сорпа

Қамыр үшін: жалы айранға жұмсартылған (немесе ерітілген) сары майды қосыңыз. Бір жұмыртқа жарып, тұз қосып араластырыңыз. Ұн мен разрыхлитель (немесе уксусқа күйдірілген сода) қосып, илеңіз. Үстін жауып қойыңыз. Картоп пен пияздарды аршып, төртбұрыштап тураңыз. Фаршқа қалауыңызша тұз бен қара бұрыш қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз. Қамырдан кішкентай жұмыртқа үлкендігінде қамыр үзіп, қолмен кішкентай шелпектер жасаңыз. Осындай әрбір шелпектің ішіне ет пен картоп қоспамыздан қойып (1-1,5 ас қасықтай), ортасын тесік қалдырып ұш бұрышын бекітіңіз. Жұмыртқа сарысын жағып, 220С ыстық духовкаға қойыңыз. 10 минуттан соң духовкадан шығарып, әр учпучмактың тесігіне 1 ас қасық сорпадан құйыңыз. Духовканы 200С төмендетіп, үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Тұзды бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

8 Responses to учпучмак

  1. Abilakim айтады:

    Асығыс жүргенде аңда-санда шәймен осы тағамды жеп алатынымыз өтірік емес.

  2. 6gradus айтады:

    ухты ішіне сорпа құятыны маған жаңалық болды

  3. Aray айтады:

    курттын гой ((( шыда жаным деп кун емес сагат санап жургенде.. планга косып кою керек… мындетты турде тойып жеймыз Алматы кошелерын аралап журып ))

    • elvira айтады:

      ооо, Алматы көшелерін аралағанды сұмдық жақсы көрем! міндетті түрде жаяу! Арайкааа, тез келшіііі..

  4. karagooz айтады:

    анау кап-кара не бале? Оте адемi кылып тур гой! Оны кай кезде косады?

    • elvira айтады:

      ол тмин. оны учпучмактардың бетіне жұмыртқа сарысын жағып болған соң сеуіп қойсаң болады. пайдасы да, дәмі де зор.

  5. Ainameken айтады:

    Оралуы жағынан аздап ақсадым :(((. 3-4-уінің бір жағы ашылып кетті :(((
    Ал дәмі тамаша екен! Үш күн бұрын жасап едім. Бүрсікүні Қазақстанды таныстыру болады. Соған не пісірерімді білмей отырмын. Бәлкім осыны жасасам ба деймін… :)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s