лимон пирогі

Бұл рецепттің қамыры начинкасына сәйкес келмейтін сияқты болып көрінді маған. Лимон пирогі үшін «песочное» тесто – ең жақсысы. имхо. Ал жалпы алғанда пирог жаман шыққан жоқ. Жартысын жұмыстағыларға да әкелдім. Жұмыстағылардың шын бағасын алу үшін пирогті жолдан сатып алғанымды айттым (әйтпесе мені ренжетпейін деп шындықтарын айтпайды), сосын елдер «ммм, дәмді екен» деген соң, жасағанымды айттым. хаха, иә, олар жаман десе жасағанымды айтпай қояр едім бәлкім =)

  • 2 саткан ұн
  • 100 гр сары май
  • 3 ас қасық қаймақ
  • 3 ас қасық қант
  • 1 жұмыртқа
  • 0,5 ш.қ. разрыхлитель
  • 2 лимон
  • жарты стакан қант

Алдыменен ұнды електен өткізіп, жұмсарып тұрған маймен бірге бір ыдысқа қойып, май толығымен ұнмен араласып ұнтақталғанға дейін қолмен езіңіз. Мен «Жайлау» майын қолдандым.

3 ас қасық жылы қаймақ қойып араластырыңыз. Қамыр жабыспай тұруы мүмкін, оған назар аудармай ақ қойыңыз. Мен 10% майлылықтағы қаймақ қолдандым. Бірақ одан да майлы қаймақ та жарай береді.

Бөлек ыдыста 3 ас қасық қант пен 1 жұмыртқаның ағын араластырыңыз. Осы қоспаны қамырға қосып, араластырыңыз. Жұмсақ қамыр шығуы керек. Қамырдың бетін жауып қойыңыз. Бөлек ыдыста 2 лимонды 25-30 минуттай қайнатыңыз. 

Осы уақыттан соң лимондардың ішіндегі дәнектерді алып тастап, лимондарды қабығымен бірге майдалап тураңыз. Туралған лимондарға жарты стакан қант қосып араластырыңыз.

Пісіретін ыдысыңызды майлаңыз. Қамырды екіге бөліңіз. Бір бөлігін суреттегідей қабырғаларын биік етіп ыдысқа қойыңыз. Ішіне майдалап туралған лимондарды қасықтап біркелкі етіп қойыңыз.  

Қамырдың екінші бөлігін лимон турамасының үстіне жауып, шеттерін тегістеңіз. Енді жұмыртқа сарысын пирогтің үстіне жағып шығыңыз. Қосымша ретінде үстіне қант сеуіп қойсаңыз болады.  

Пирогті 200С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Сәл суытып алып, тураңыз. Ыстықтай да, салқындай да жеген жақсы. Қасына шәй қайнатсаңыз болғаны.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс, Тәтті бәліштер. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

9 Responses to лимон пирогі

  1. Ағатай айтады:

    Жегім келіпп тұр……………..

  2. erkerai айтады:

    Лимонның орнына алма, ал қаймақтың орнына айран қосса болады ма?

    • elvira айтады:

      әрине болады. Бірақ ол лимон пирогі болмай қалады ғой =) Аспаздық беттерінде алма қосып жасалынған ондаған бәліш рецепттері бар. Іздеу торына «алма бәліші» деп терсең, бірнеше рецепт тауып беруі тиіс.

  3. Anar айтады:

    супер, Элеке! Мен үшін пирогтар ішінде осы лимон мен творогтан жасалған пирогтар ұнайды.

    • elvira айтады:

      рахмет! дегенмен, мен ұнататын лимон бәлішінің жасалынуы әлі де алда. ал сүзбе бәліштерінің бәрі расында да, ішіне не қоссаң да, үнемі жақсы шығады!

  4. 6gradus айтады:

    лимон пиоргын қатты жақсы көремін, 2 рет пе жасап көргем, сәтті шықпапты. Бір реті келегенде сенікімен жасап көруге болады екен.

  5. Gulnur айтады:

    «любимый»лардың ішіне қосып қойдым. мен сияқты қышқыл-тәтті бәліштерді жақсы көретіндер үшін! РАХМЕТ!!!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s