қуырылған тофу

Тофудан тағы бір оңай тағам. Қуырылған тофу жеке тағам ретінде де жақсы, түрлі салаттардың құрамына қосымша қоспа ретінде де жақсы. Менде кунжут дәнектері бітіп қалған еді, оның орнына семіщке дәнектерін қостым.

  • тофу
  • кунжут дәнектері
  • соя соусы
  • кунжут майы
  • аздап көк пияз
  • аздап қызыл бұрыш

Тофуны төрбұрыштарға тураңыз. Қызған майға қуырыңыз. Кунжут дәнектерін қосып, ақырындап араластырыңыз. Енді бірер қасықтан соя соусы мен кунжут майын қосыңыз. Тофу жақсылап қуырылуы керек. Бұрыш қосыңыз. Ең сонында майдалап туралған көк пиязбен араластырып жіберіп, оттын астын өшіріңіз.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Гарнир мен соустар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

10 Responses to қуырылған тофу

  1. monti айтады:

    ужас, тофуды қуруға болатынын білмептім :)))
    енді білетін боламын, басында осы тофуды супта көрген кезде теріп тастайтынмын :) кейін үйреніп кеттім, жақсы көремін.
    аяғы ауыр, жаңа босанғандарға супқа қосып берсе мыңда бір витамин ;)

    • elvira айтады:

      тофу универсалды тағам. Оны қосып неше түрлі тамақ пісіруге болады. Бір ретте бөрек, тағы бірінде лазанья да жасап көрдім. Қуырылған түрісі де дәмді. Әсіресе негізгі тамаққа гарнир ретінде.

  2. Anar айтады:

    осы елдер «тофу тофу» деген соң дәмін татсам….түүүк дәм жоқ, яғни ерекше емес екен.

    • elvira айтады:

      расында да тофудың өзіндік ешбір дәмі / иісі жоқ, сондықтан болар ол басқа нәрселермен тез үйлесіп, жарасып кетеді. Сен тофудың дәміне қарама, пайдасына назарыңды аудар – елдердің айтуы бойынша 100 гр тофудың құрамында кальций мөлшері сүтке қарағанда 23% көп + ол тез қорытылатын белокқа бай. жапон тофусын жеген боларсың, ә?

  3. gaukhar айтады:

    mende primerno osilay jasaymin, bolek kuirip alip, sosin sous bolek jasaymin: bal+soy souse+kunjut mayi+sarimsa+jasil piyaz.

    • elvira айтады:

      сенің блогында тофу қосып жасалынған бір-екі тағам түрі бар еді. есіме салғаныңа рахмет, соларды бір ретте жасап көргім келеді.

  4. gaukhar айтады:

    osini jasap kor, sagan unau kerek.
    al menin blogimda ne bar ne jok ekenin umitip kalippin, ozi ali istep tur ma eken?))))

  5. Gulnaz айтады:

    Тофу жане юфка деген не орыс тилинде калай аталады

    • elvira айтады:

      орыс тілінде де тура солай айтылады. Бфканы Рамстор, Смолл дүкендерінен, ал тофуды корей дүкендерінен табуға болады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s