қытырлақ «таяқшалар»

Аспаздықтың мастер-класс категориясы бойынша соңғы рет 2009 жылы рецепт қосыппын. 2010 жылы ешқандай мастер-класс қоспағаныма шын таңқалдым. Уақыт қалай демде зымырайды десеңш. Neweurasia сайысына қатысамын деп, сайыстың талабы бойынша тек «мастер-класс» категория бойынша жазып жүргенім кеше ғана сияқты еді.. бақандай бір жыл өтіп та кетіпті.. ужасно.

Бүгін сол «мастер-класс» категорияға бір жазу болса да қосылсын деп, қатпарлы қамырдан қытырлақ «таяқшалардың» жасалу тәсілін step-by-step көрсетпекшімін. Негізі рецепт оңайдың оңайысы, «мастер-класс» артық та болар. Дегенмен…

  • 3 жапырақ қатпарлы қамыр
  • қалауыңыз бойынша: көкнар, кунжут немесе қант
  • 1 жұмыртқа
  • 1 ас қасық сүт
  • жарты ас қасық сұйық май
  • аскөк немесе басқа шөп

Қатпарлы қамырды бір жаққа қарай жайып, жұқартыңыз. Ол үшін қамыр жұмсарып тұруы керек. Енді, жайылған қамырға қалауыңыз бойынша қант немесе көкнар (ор. мак) немесе кунжут т.с.с. себелеңіз. Қолмен сәл бастырып қойыңыз.

Қамырдан 1-1,5 см жуандықтағы ұзыншалар кесіңіз. Енді сол ұзыншалардың әрбірін суреттегідей етіп (спираль) бұраңыз. Жақсы оралу үшін, ұзыншаны екі қолыңызға алып, екі шетін екі жаққа бұраңыз.

Сүт, жұмыртқа және сұйық майды араластырыңыз. Пышақ ұшында тұз қосыңыз (таяқшаларыңызға қант қосқан болсаңыз, жұмыртқаға тұз қоспайсыз). Аскөкті майдалап турап, қоспаға қосып араластырыңыз.

Соңғы қадам – духовканың табағына арнайы майлы қағаз немесе фольга төсеңіз. Таяқшаларды жұмыртқалы қоспаға малып, фольга бетіне тізіңіз. Алдын ала ысыған духовканың 170С таяқшалардың үсті қызарғанға дейін пісіріңіз.

Осындай таяқшаларға ірімшік қосып та жасауға болады. Таяқшалар жеке тағам ретінде де, сорпаның қасына да жақсы келеді. Таяқшалар оңай жасалынатыны үшін, оларды балалармен бірге жасасаңыз болады. Lots of fun.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Мастер-класс. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

4 Responses to қытырлақ «таяқшалар»

  1. Bakytgul Salykhova айтады:

    саған шынымен өз мектебіңді ашу керек, тамақ пісіруге үйрететін. Қашан сенің рестораныңа барады екенмін …

  2. 6gradus айтады:

    шынымен ия:) Бізде енді келе жатырмыз ғой ондайға. Арнайы мини мектебің болса супер болар еді, солай болсын деп тілейік

    • elvira айтады:

      жетіп та қалдық уже! )) тамақ пісіруді үйрететін мектептерді айтам. Алматыда ондай мектептер бар екен. өткенде хабарландыру көріп қалдым бір жерден. звондап сұрастырдым даже =) бастауыш пен аздап-тамақ-пісіре-алатындар тобы болып екіге бөлінеді екен сабақтары. 3 айға оқу бағасы – 45 мыңдай (қателеспесем).

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s