Тофу дегенде ең басты (менің ойымша) екі нәрсе білу керек – тофу құрамында холестерин жоқ (мүлдем!) және ол асқазан ауруларына өте-мөте пайдалы. Әрине тағы көптеген пайдасы бар тофуның, ол жайлы in details Гугл айтып берер. Мен бүгін таңертең аса жеңіл омлетті қалай жасағанымды айтып берейін.
- 2 жұмыртқа
- 100 гр тофу
- көк пияз
- сары май
Тофуды турап, сары майға қуырыңыз. Үстіне майдалап туралған көк пиязды қосыңыз. Бөлек ыдысты жұмыртқаларды тұзбен араластырыңыз да, тофу мен көк пияз қуырмасымен араластырыңыз. Табаның үстін жауып 3-4 минуттай жай отта пісіріңіз. п.с: Тофу корей дүкендерінде сатылады. 1 кг = 300 теңге шамасында.
Кәрістер яичный рулет дей ма сондайды көп жасап, жейді ғой. Сыртынан қарасаң оңай сияқты. Жасап көрген емессің бе?
былай https://aspazdik.wordpress.com/2007/07/16/%D0%B6%D2%B1%D0%BC%D1%8B%D1%80%D1%82%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%BB-%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D0%B5-brunch-menu/ немесе былай https://aspazdik.wordpress.com/2010/10/18/%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D1%8F%D0%BA%D0%B8/ ғана жасауды білем. Білуімше корейлердің рулеттері осыдан аса ерекшеленбейді.