корей сорпасы: миок кук

Орысша айтқанда «суп на любителя». Ламинария немесе басқаша айтқанда теңіз қырыққабаттың пайдасын елге айтып айтып жегізу керек – сонда тез желінеді. Хе-хе. Түрі онша емес бірақ.

Бұл сорпа корей ас үйіне тиесілі. Сорпаны көбіне туған күндерінде пісіреді корейлер.  Сондай-ақ сорпаны жаңадан босанған әйелдерге ішкізеді. Қазақтың қара сорпаны ішкізуі сияқты, корейлер теңіз қырыққабат сорпасы аналардың денсаулығына пайдасы мол деп сенеді.

  • кептірілген теңіз қырыққабаты
  • 1 ас қасық кунжут майы
  • 1 ас қасық соя соусы
  • 2 түйір сарымсақ
  • 150 гр ет

Алдыменен кептірілген теңіз қырыққабатының 7-10 жапырағын алып, суға жібітіңіз. Кем дегенде 1 сағаттай. Суда қырыққабаттың көлемі өседі. Осы уақытта етті қайнатыңыз. Етті сүзіп алыңыз да, майдалап тураңыз. Жібіген қырыққабатты шайып, сорпаға қосыңыз. Сарымсақты майдалап турап, қосыңыз. Қайнап тұрған сорпаға пияз турап қоссаңыз болады. 20-30 минут қайнатқан соң, кунжут майы мен соя соусын қосып араластырыңыз. Тағы 5-10 минут қайнатып, астын өшіріңіз. Піскен күрішпен қосып ішкен жақсы.

Advertisements
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Сорпалар. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s