Үлкен кексттердің кішкентай туысқандары – маффиндер. Оларды порциондық кекстер десем де болатын шығар. Кекстерді сияқты, маффиндердің ішіне де неше түрлі заттарды салып түрлендіруге болады. Төмендегілерге ірілеп туралған шоколад қостым. Шоколадым маффин сыртынан аса байқалмапты, дегенмен, әсіресе ыстықтай жеген кезде, піскен маффиндердің ішіндегі ып-ыстық еріп тұрған шоколад тіл үйіреді.
- 150 гр жұмсартылған сары май
- 150 гр ұн
- 100 гр қант
- 2 жұмыртқа
- 1 ас қасық кілегей
- разрыхлитель
- 100 гр шоколад
Барлық заттар бөлме температурасында болуы керек. Сол үшін оларды алдын ала тоңазытқыштан шығарып дайындап қойыңыз. Ұн, разрыхлитель. қант пен сары майды қолмен араластырыңыз. Кілегей мен жұмыртқаларды қосыңыз. Қаймақ сияқты жұмсақ әрі түйінсіз болғанға дейін қоспаны үздіксіз араластырыңыз. Маффиндерді пісіретін ыдыс пен арнайы қағаздарды дайындап қойыңыз. Шоколадты ірілеп тураңыз. Бір қасық қамыр, үстіне шоколад, сосын жарты қасық қамыр қойып, маффин қамырын ыдыс ішіне үйлестіріңіз. 180С ыстық духовкада үсті қызарғанға дейін (25 минуттай) пісіріңіз.