Бір бокал ішінде кезек кезегімен 1 кішкентай жұмыртқа + 2 ас қасық қант + 2 ас қасық какао + 4 ас қасық ұн мен 0,5 ш.қ. разрыхлитель + 3 ас қасық өсімдік майы + 4 ас қасық сүт араластырыңыз. Сұйық қамыр шығуы керек. Микротолқынды пешті 900W қуатына қойып, бокал ішіндегі қамырды тура 3 минут пісіріңіз. Сәл суытып, үстіне қант пудрасын себіңіз.
Енді 3 минутта піскен кексіңізге серік етіп ыстық кофе/шәй құйып алыңыз да, сенбілік/жексенбілік таңғы бағдарламаны қарауға / газет оқуға өтсеңіз болады =)
Демалыс күндеріңіз сәтті болсын!