Жасалынуы ғана емес, бұл оладьилер ең бастысы ағза/асқазан үшін жеңілдің жеңілі . Құрамында геркулес болғандықтан, дәмі аздап «ржаной» нанға саяды. Әдемі әрі «воздушный» болып піседі. Қысқасы, маған қатты ұнады. Тағы бір ретте жасап көруге тұрарлық рецепт. Ыстықтай жеген жақсы, қасына қаймақ сияқтыларды керек етпейді.
- 5 ас қасық геркулес
- 3 ас қасық сүт
- 1 кішкентай пияз
- 3 ас қасық ұн
- аздап разрыхлитель
- 2 жұмыртқа
- тұз
Геркулесті сүтпен араластырыңыз. Жұмыртқа қосыңыз. Пиязды жіңішкелеп турап майға қуырыңыз. Қалауыңыз бойынша дәмдеуіштерді қоссаңыз болады (мен қызыл бұрыш қосқам). Қуырылған пиязды сәл суытып алып, негізгі қоспаға қосыңыз. Ұн мен разрыхлитель және аздап тұз қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз. Енді 10-15 минутқа бабына келуі үшін қойып қойыңыз. Жақсылап қызған табаға аздап май қосып, оладьилерді пісіріңіз. Қағаз майлыққа түсіріп тұрыңыз. Ыстықтай жеңіз.